11.3 C
Shymkent
17 октября, 2025
adilettv

ҚАЙРАТ ҚАЛИБЕКОВ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің келісімдері бойынша, қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына Қайрат Жақыпұлы Қалыбеков тағайындалды.Қайрат Жақыпұлы 1973 жылы 7 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында дүниеге келген.Санжар Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина институтын және Қазақстан халықтар Достығы университетін бітірген, мамандығы бойынша біліктілігі — Емдеу ісі, экономика
Еңбек жолын 1997 жылы Шымкент қаласындағы амбулаторлы хирургия, травматология және гинекология орталығының хирургы болып бастаған.1999-2014 жылдары түрлі медициналық мекемелерде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.2014-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.2016-2023 жылдары Шымкент қаласының денсаулық сақтау мекемелерінде жауапты басшылық қызметтер атқарды.2023 жылғы 2 қазаннан бастап бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы №1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері лауазымында қызмет атқарып келді.Медицина ғылымдарының кандидаты, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. Денсаулық сақтау саласында 25 жылдан астам еңбек өтілі бар.ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау үздігі» және «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Инвестиционный потенциал Шымкента

AdiletTV

ТҰРАН АУДАНЫНДА ИРРИГАЦИЯ ЖҮЙЕСІ КЕҢЕЙТІЛУДЕ

AdiletTV

В Шымкенте задержан руководитель управления пассажирского транспорта и автомобильных дорог городского акимата

Пікір қалдырыңыз