19.3 C
Shymkent
16 октября, 2025
adilettv

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

15-18 қазан күнде Шымкент қаласында көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының Кубогы мен Чемпионаты өтуде.  Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген 19 команда қатысып жатыр.

Көркем гимнастикадан республикалық деңгейдегі бұл дода Көркем Гимнастика спорт кешенінде өтуде. Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және  өзге де облыстардан келген 400 ге жуық жасөспірімдер бақтарын сынауда. Олар екі жас ерекшелігі бойынша сынға түседі. Ұйымдастырушылардың сөзінше, сайыс республикалық құрамаға іріктеу ретінде өткізіліп отыр.

Ел чемпионатында бақтарын сынауға келгендердің бірі-Атыраулық команда, сайысқа сақадай сай. Жарыстың алғашқы күні лента гимнастикасы бойынша өнер көрсеткен жас спортшылар, жеңіс тұғырынан көрінуге ниетті. Олар бұған дейін бірнеше чемпионатта топ жарып, үздік атанған.

Айта кетейік, аталмыш сайыс жас спортшылар үшін үлкен мүмкіндік болып отыр. Үздіктер ішінен топ жарып, жеңімпаз атанғандар келесі жылы өтетін  Азияда чемпионатына жолдама алатын болады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

XXI ғасырдағы цифрлық әдеттер

AdiletTV

Темір жол машиналарын жасау саласында алдағы екі жылда 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

AdiletTV

В Шымкенте прошел семинар для деловых женщин

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз