19.3 C
Shymkent
16 октября, 2025
adilettv

ІШІМДІК САУДАСЫ РЕТТЕЛМЕК

Елде алкоголь өнімдерін сату тәртібі өзгеруі мүмкін. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов алкоголь  сату тәртібін қайта қарауды ұсынған болатын. Ол  спиртті ішімдіктерді тек арнайы дүкендерде сатуды, лицензия беру талаптарын күшейтіп, онлайн саудаға толық тыйым салу, ойын-сауық орындарында арақ-шарап сату уақытын шектеу  туралы ұсынысын алға тартты.Министрдің айтуынша, қылмыстардың негізгі себебі осы ішімдік ішкеннен орын алады. Жыл сайын мас күйінде 10 мыңға дейін қылмыс жасалады.  Бас полицейдің бұл ұсынысын сенаторлар да қолдап отыр.

Апта басында өткен Үкімет сағатында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәжіліс депутаттарының алдында алкоголь өнімдерін сату ережесін өзгертуді ұсынғанды. Министр алкоголь өнімдерін тек арнайы дүкендерде сату, лицензиялау талаптарын күшейту және онлайн саудаға толық тыйым салу қажеттігін айтты. Сондай-ақ ойын-сауық орындарында алкоголь сату уақытына шектеу енгізуді қарастыруды ұсынды.ІІМ дерегінше, жыл сайын мас күйінде 10 мыңға жуық қылмыс жасалады. Сондықтан ішімдік саудасын реттеу қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған. Сенатор Марат Қожаев та елімізде алкоголь өнімдерін сату тәртібін күшейтуді қолдайтынын айтты. Оның пікірінше, елдегі құқық бұзушылықтардың үштен бірі ішімдіктің салдарынан орын алады.

— Бізде арақ-шарап сатып алу өте оңай. Мұндай жағдайдан өзге елдер де өткен. Дамыған мемлекеттерде, мысалы, үй астындағы немесе мектеп пен балабақшаға жақын дүкендерде алкоголь сатуға тыйым салынған.

Дегенмен кәсіпкерлер бұл ұсынысқа сақтықпен қарайды. Олардың пікірінше, мұндай шектеулер сауда орындарының табысына кері әсер етуі мүмкін. Қазақстан заңнамасында да ішімдік сату ережесі бекітілген.  Кешкі сағат 21:00-ден келесі күні күндізгі сағат 12:00-ге дейін алкоголь өнімдерін сатуға болмайды. Алайда,кейбір шағын дүкендер бұл талаптарды бұзып отыр дейді сенатор.

— Алкоголь сатылымының қолжетімділігін реттеу керек. Қазір шағын дүкендердің көбі лицензия алып алған, бірақ бәрі бірдей заңды сақтамайды. Осыдан барып құқық бұзушылық көбейіп отыр.

Сенатордың айтуынша, Ішкі істер министрлігі алкогольге толық тыйым салуды емес, оның саудасын жүйелеуді көздейді. Қазіргі таңда елде алкоголь мен темекі сату ережесін бұзғандарға қатысты жаза күшейтілген. Ал жаңа ұсыныстар қабылданса, спиртті ішімдік тек арнайы рұқсат берілген орындарда ғана сатылатын болады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«Бәрі тапсырыспен жасалған»: Мұхамедиұлының ұлы оған қарсы іс ойдан шығарылғанын айтты

город Шымкент: По фактам мошенничества, незаконного изменения информации в базе данных и подделки идентификационных номеров транспортных средств расследуется 17 уголовных дел.

AdiletTV

Өндіріс пен өңдеудегі серпін: Шымкенттегі жаңа индустриялық жобалар (2025–2029)

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз