adilettv

ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ


Елімізде жыл сайын 19 қазанда кәсіби мереке – Құтқарушылар күні атап өтіледі. Биыл Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Атаулы күннің еліміздің азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылуы мен дамуы тарихындағы маңызы зор.
«Қызғалдақ» сарайында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына және 19 қазан – Құтқарушылар күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қуанар Базарбаев азаматтық қорғау қызметтерінің кәсіби мерекесімен құттықтап, бірқатар азаматтарды марапаттады.
– Еліміздің қауіпсіздігі мен азаматтардың игілігі жолындағы жанқиярлық еңбектеріңіз – ерлік пен Отанға деген адалдықтың жарқын үлгісі. Сіздер адамдарды құтқару жолында күн сайын өз өмірлеріңізді қатерге тігіп, борыштарыңызды абыроймен атқарып келесіздер. Осынау мереке күні сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, қызметтеріңізге табыс тілеймін – деді Ғ.Сыздықбеков.
Қала әкімі, сондай-ақ, Төтенше жағдайлар департаменті ұсынған заманауи өрт сөндіру және авариялық-құтқару техникаларының көрмесін аралады.
Айта кетейік, қалалық департаментте қазір мыңға жуық адам жұмыс істейді. 10 өрт сөндіру бекетінің мамандары мен жедел-құтқару жасағы жергілікті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.
Сонымен қатар, қала аумағының кеңеюіне байланысты қауіпсіздікті жақсарту, жаңа өрт сөндіру бекеттерін салу, жедел жәрдем мен полицияны біріктіретін заманауи көпфункционалды орталықтарды құруда жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Сондай-ақ, соңғы жылдары өртке қарсы сынақ зертханасы мен медициналық пункт ашылып, 43 жаңа құрал-жабдық сатып алынды. Құтқарушылардың дайындығын арттыру үшін спорт алаңы мен жаттығу алаңдары әзірленді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

В Шымкенте прошла первая глобальная цифровая конференция Центральной Азии — Global Tech Wave Central Asia

AdiletTV

«ФАРАБИТАНУ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ МҰҒАЛІМДЕР ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚҰРАЛДАРЫН МЕҢГЕРДІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз