-0.7 C
Shymkent
19 января, 2026
adilettv

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

p-image-31744″ />

Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына орай Шымкент қаласында «Терең тарихтан – жарқын болашаққа!» атты республикалық пікірсайыс турнирі басталды.
Ашылу салтанатына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысып, жастарға білім мен шешендік шеберліктерін шыңдау жолындағы еңбектеріне сәттілік тіледі. Ол өз сөзінде жастардың қоғам дамуындағы рөлінің маңыздылығын атап өтіп, мұндай зияткерлік сайыстардың жастардың патриоттық сезімін нығайтып, ел болашағына деген жауапкершілігін арттыратынын айтты.
Турнирге еліміздің 9 өңірінен – Астана, Алматы қалалары мен Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарынан 120-дан астам команда қатысты. Бұл жастардың белсенділігі мен пікірсайысқа деген қызығушылығының жоғары екенін көрсетеді. Олар пікірсайыс алаңында өзара білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін және шешендік шеберліктерін сарапқа салып, әртүрлі тақырыптар бойынша өз ойларын ашық білдірді.
Жарыстың төрелік ету жұмыстарына Шымкент қаласындағы үш жоғары оқу орнынан іріктелген тәжірибелі пікірсайысшылар мен пікірсайыс қозғалысының аға буын өкілдері тартылды. Жалпы саны 70-ке жуық кәсіби төреші пікірсайыстың әділ әрі ашық өтуін қамтамасыз етті. Олар жастардың аргументтерін тыңдап, пікірлерін бағалап, әділ шешім қабылдауға атсалысты.
Турнир барысында қаралатын қарарлар қоғамдағы өзекті мәселелерді қамтыды. Атап айтқанда, технологияның дамуы, демократиялық құндылықтар, құқықтық мәдениеттің маңыздылығы, білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтар және жастар саясатына қатысты тақырыптар бойынша пікір білдіріліп, түрлі көзқарастар талқыланды. Бұл тақырыптар жастардың болашаққа деген көзқарасын айқындап, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталды.
Екі күнге жоспарланған республикалық пікірсайыс турнирі ертең қорытындыланып, жеңімпаздары анықталатын болады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА «ФОСФОРШЫЛАР МӘДЕНИЕТ САРАЙЫ» ҒИМАРАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

AdiletTV

Наблюдается неуклонный рост числа сторонников АЭС – результаты трех соцопросов

AdiletTV

Шымкент қаласы; Абай АПБ ЖПҚ №10 тірек пунктініңелде кеңінен белең алып жатқан интернет алаяқтық бойынша да басқармада бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз