adilettv

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛЕРГЕ 5 МЛН ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІНГІ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАР КОНКУРСЫ БАСТАЛДЫ

2025 жылғы 29 қазан мен 5 қараша аралығында «kezekte.kz» электрондық платформасы арқылы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне арналған қайтарымсыз мемлекеттік гранттарға өтінім қабылдау жүргізіледі.
Аталған гранттар әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері тізіліміне енгізілген кәсіпкерлерге, сондай-ақ «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистеріне қолжетімді.
Өтінім беру тәртібі:
ЭЦҚ арқылы «kezekte.kz» порталына тіркелу;
Пайдаланушы келісіміне қол қою;
Бекітілген үлгі бойынша бизнес-жоспар әзірлеу;
Өтінімді жолдау.
Мемлекеттік гранттар келесі мақсаттарға беріледі:
Тауар өндіру немесе қызмет көрсету үшін қажетті негізгі құралдарды сатып алу, салу, жаңғырту, реконструкциялау немесе күрделі жөндеу;
Шикізат пен материалдар сатып алу;
Материалдық емес активтер мен технологияларды сатып алу;
Франчайзингке құқық (кешенді кәсіпкерлік лицензия) сатып алу;
Зерттеу жұмыстарын жүргізу және/немесе жаңа технологияларды енгізу шығындарын өтеу.
Іріктеу тәртібі:
Өтінімдер арнайы комиссия тарапынан қаралады. Үміткерлер өз жобаларын комиссия алдында қорғауы тиіс. Жобалар мынадай критерийлер бойынша бағаланады:
Әлеуметтік бағыттылығы;
Бизнес-жобаның тиімділігі мен экономикалық негізділігі;
Жобаның дайындық деңгейі;
Қажетті инфрақұрылымның болуы;
Бәсекеге қабілеттілік;
Презентацияның сапасы.
Комиссия шешімі өтініш берушінің жеке кабинетіне жіберіледі. Қолдау тапқан жобалар бойынша келісім-шарт жасалып, тиісті қаражат кәсіпкердің есепшотына аударылады.
Гранттардың басты мақсаты – азаматтарды кәсіпкерлікке ынталандыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және экономиканы дамыту. Мемлекеттен берілген қаржы қайтарымсыз болғанымен, оның мақсатты жұмсалуы қатаң бақыланады. Еңбек мобильділігі орталығында арнайы мониторинг тобы жұмыс істеп, жобалардың іске асуын қадағалайды. Егер қаржы мақсатсыз жұмсалса, ол мемлекетке қайтарылады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Ұлттық жоба «Келешек мектебі»: Шымкентте жаңа білім ошағы ашылды

AdiletTV

Заң және тәртіп: ІІМ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейтуде

AdiletTV

Как Шымкент перестраивает свою транспортную систему — от дорог до остановок

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз