adilettv

ӨНЕРДІҢ ҰЛЫ АНАСЫ

Бүгін Шымкент қаласында мәдениет пен өнер саласының символына айналған, сахна саңлағы, Қазақстанның халық әртісі Айша Абдуллинаның үйіне ескерткіш тақта орнатылды. Өнер әлеміне өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның рухына тағзым етуге зиялы қауым өкілдері, мәдениет саласының майталмандары мен шәкірттері жиналды.

Айша Абдуллина – өмірін өнерге арнап, сахнада 70 жылдан астам еңбек еткен тұлға. Бұл үй – қазақ театр өнерінің тарихында айрықша орны бар Айша Абдуллинаның өмірі мен шығармашылығына куә болған қасиетті шаңырақ. Ол сомдаған әр бейне – қазақ әйелінің көркем келбеті мен ұлт рухының көрінісі. Бүгін дәл осы жерде Алматыдан ат терлетіп келген Қазақстанның еңбек ері, көрнекті актер Асанәлі Әшімов те сахна саңлағының еңбегін ерекше атап өтті, одан бөлек елге еңбегі сіңген мәдениет қайраткерлері, театр тарландары жиналып, ұлт руханиятының асыл анасына құрмет көрсетті.

Айша апай – сахна мектебін қалыптастырған тұлға. Ол кісіден үйренген әр актер өнерге адал болуды, сахнаға жан-тәнімен берілу керек екенін ұқты. Өнер иесі өмір бойы жас буынды тәрбиелеуге де үлес қосты. Шәкірттері бүгінде елге танымал сахна саңлақтарына айналды. Жиналған зиялы қауым, мәдениет майталмандары оның еңбегін еске алып, өзі отырған үйіне ескерткіш тақтасын орнатты.

Өнер иесіне қойылған бұл ескерткіш – ұлт руханиятының мәңгілік ізі мен ұрпаққа үлгі болар өнегелі өмірдің айғағы. Айша Абдуллина  есімі – қазақ мәдениетінің тарихында алтын әріппен жазылған дара тұлға болып қала бермек.

        

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкенттегі индустриялық және арнайы экономикалық аймақтардың дамуы мен инвестициялық жобалар

AdiletTV

Шымкенттегі жаңа өндіріс: жылына 70 миллион дәптер шығаратын зауыт

AdiletTV

Туристические направления и транспортное сообщение Шымкента — 2025 год

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз