adilettv

МЕДИАЦИЯ ТАТУЛЫҚТЫҢ ТІРЕГІ


Бүгін Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Елдесу және татуласу» жобасы аясында «Медиация – татулық тірегі» тақырыбында форум басталды.

🔹Екі күнге жоспарланған іс-шараның мақсаты – жергілікті медиаторлардың тәжірибесін арттыру арқылы этномедиацияның әлеуетін дәріптеу және дау-дамайды реттеудегі үздік тәжірибелелік кейстермен бөлісу.

🔹Форумға қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшылығы, қалалық ҚХА төрағасының орынбасары, құқық қорғау органдары мен әділет департаментінің қызметкерлері, медиация оралықтарының кәсіби медиаторлары, мектеп психологтары, қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

🔹Қатысушылар алдында қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Заңғар Үсіпахметов сөз сөйлеп, «Елдесу және татуласу» жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шараның маңыздылығына тоқталды. Этномедиация әлеуетін ұтымды пайдаланудың қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты сақтауға қосатын қомақты үлесі туралы айтты.

– Өркениетті қоғамның басты шарты – заңның үстемдігі мен құқықтың салтанат құруы. Медиация – тараптарды татуластырып, өнбес даудың өріс алуына жол бермейді. Мемлекет басшысының этномедиацияны әрі қарай дамыту ісін Қазақстан халқы Ассамблеясына жүктеуі уақыт талабынан туындап отыр, – деді Заңғар Нышанбекұлы.

🔹Форумның алғашқы күні қатысушыларға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы Абай облысы бойынша филиалының директоры, кәсіби медиатор Әсет Абжақов сөз сөйлеп, медиация саласындағы заманауи тәсілдер мен этномедиация тәжірибесін дамыту бағытында мазмұнды презентация ұсынды. Сондай-ақ аталған академия өкілі, кәсіби медиатор Гүлжан Қожахметова қатысушыларға дау-жанжалды шешудің тиімді модельдері мен медиатордың кәсіби этикасы туралы тәжірибелік дәріс өтті.

🔹Айта кетейік, форумның жалғасы 22 қазанда Шымкент қаласындағы Ж.Тәшенов университетінің «М.Байғұт атындағы студенттер үйі» ғимаратында өтеді. Бағдарламаға сәйкес кәсіби медиаторлар қатысушылар алдында этномедиацияны дамытуға арналған тақырыптарда дәрістер өтіп, өз тәжірибелері мен үздік тәсілдерді бірлесе талқылайды. Форум соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласындағы индустриалдық аймақтардың — «Оңтүстік», «Тассай» және дамып жатқан «Жұлдыз» аймақтарының жетістіктері мен статистикасы: Индустриалдық аймақтардың ағымдағы ахуалы

AdiletTV

ШАҺАРДЫ КӨРКЕЙТУ: ЖАҢА ГҮЛЗАРЛАР МЕН СКВЕРЛЕР ПАЙДА БОЛАДЫ

AdiletTV

ФИНIQ – ТЕСТ НА ФИНАНСОВУЮ ГРАМОТНОСТЬ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз