adilettv

Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының 97-маусымы салтанатты түрде ашылды. Қазақ әдебиетінің классикалық мұраларының бірі Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махаббат» спектаклі көрермен назарына жол тартты. Бұл туынды  Махаббат пен қоғам арасындағы күрделі сезім, адамгершілік пен ар-ождан мәселесін терең суреттейтін қойылымдардың бірі.

Көптен күткен театр маусымының ашылуын сағынып келген көрермен актерларды ерекше ықыласпен қарсы алып, қойылымды жоғары бағалады.Пьесадағы оқиға желісі арқылы Басты кейіпкерлер Бүркіт пен Ақботаның  тағдыры, олардың ішкі жан дүниесіндегі арпалыс пен таза сезімнің жеңісі көрерменге әсерлі түрде жеткізілді. Театр ұжымы көркемдік ізденіс пен режиссерлік шешім арқылы шығарманы жаңаша қырынан сахналап, өнер сүйер қауымға жаңа толғаныс сыйлады.

 Актерлердің шынайы ойыны мен әсерлі сахна көріністері көрермен көңілінен шықты. Театр ұжымы бұл маусымда түрлі жанрдағы жаңа қойылымдар мен премьералар арқылы өнер сүйерқауымға тың жаңалық ұсынуды мақсат етіп отыр.Сан қырлы сезім мен сырға толы «Мөлдір махаббат» спектаклі — көрерменге ой салатын, махаббатқа адал болуды дәріптейтін туынды. Ал театрдың 97-маусымы көрермен мен өнер иелерін тоғыстырған жарқын шығармашылық кезеңнің бастауы болды.

Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының  97-маусымның ашылуы театр өнерінің биік деңгейін,көрерменнің  классикалық мұраларға деген құрмет пен заманауи көзқарасты айқындаған маңызды мәдени оқиға болды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

город Шымкент: По фактам мошенничества, незаконного изменения информации в базе данных и подделки идентификационных номеров транспортных средств расследуется 17 уголовных дел.

AdiletTV

Экономическое развитие города Шымкент: сравнительный анализ показателей 2024 и 2025 годов

AdiletTV

Өз өніміміз – өз брендіміз: Шымкент өнімінің сапасы мен экспорттық жетістіктері

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз