adilettv

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ТОЛЫҚ ДАЙЫН

Шымкент қаласында қысқы маусымға дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мәліметінше, қала аумағында жалпы ұзындығы 891 шақырымды құрайтын 443 магистралды көше бар. Аталған көшелердің санитарлық және механикалық тазалау жұмыстарын 5 мемлекеттік-жекеше әріптес ұйым атқаратын болады.
Ағымдағы жылы қысқы маусымға дайындық аясында 243 арнайы техника толық дайындалып, тиісті тексеруден өтті. Сонымен қатар, орталық көшелердің тазалығын қамтамасыз етуге күн сайын шамамен 2000-ға жуық жұмысшы жұмылдырылмақ.
Аудандық деңгейде де дайындық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде:
• Абай ауданы бойынша қар тазалау жұмыстары 8 бағытта ұйымдастырылып, 80 магистралды көшенің тазалығына 37 арнайы техника қатысады.
• Әл-Фараби ауданында 5 бағытта жұмыс ұйымдастырылып, 109 көшенің тазалығын қамтамасыз ету үшін 42 техника жұмылдырылмақ.
• Еңбекші ауданында 83 көшеге арналған 5 бағыт бойынша 49 арнайы техника дайын тұр.
• Қаратау ауданында 83 магистралды көшенің қар тазалау жұмыстарына 53 техника бөлінеді.
• Тұран ауданында 6 бағытта ұйымдастырылған жұмыстар аясында 111 көшеге 62 техника қатыстырылмақ.
Қыс мезгілінде көше бойында мұз қатудың алдын алу үшін арнайы мұзға қарсы реагенттер мен инертті материалдар қоры жасақталған. Оның ішінде 25 мың м³ құм және 15 мың тонна тұз дайындалған. Бұл материалдар барлық аудан әкімдіктері арасында теңдей бөлінді.
Қарды уақытылы шығару мақсатында аудан әкімдіктерімен бірлесіп, арнайы бос жер учаскелері қар төгу орындары ретінде белгіленді.
Сонымен қатар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісімшарты аясында барлық қажетті техника мен кадрлық ресурстар толық қамтамасыз етілген.
Шымкент қаласының коммуналдық қызметтері қысқы маусымдағы ауа райының кез келген қолайсыз жағдайларына дайын. Тиісті қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТІКТЕРГЕ РЕФЕРЕНДУМ БАРЫСЫНДА СЫЙЛЫҚТАР БЕРІЛДІ

AdiletTV

Шымкент қаласы: В Абайском районе прошла встреча комиссии по делам женщин и семейной демографической политики, направленная на проведение Республиканской акции «16 дней без насилия» на высоком уровне.

AdiletTV

«САЙРАМНЫҢ САН ҚЫРЛЫ ТУРИЗМІ»

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз