adilettv

ІРІ КӨЛЕМДЕГІ МАРИХУАНАНЫ ТАСЫМАЛДАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

«Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің және Жамбыл облысының  Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз тасымалдаған күдікті адамдар тобын ұстады.Жедел ақпарат  бойынша Тараз қаласына кірген «Ауди-80» маркалы көлік тоқтатылды, көлікте төрт жергілікті тұрғын болған.

Құқық қорғау қызметкерлері көліктің багажынан  4 қап кептірілмеген марихуана тапты. Алынған есірткі заттарының жалпы салмағы 24 келі 480 грамм болды.Алдын ала алынған  мәліметтерге қарағанда марихуана есірткі заты Тұрар Рысқұлов  ауданының құмды аймағында дайындалған.Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің 296-бабы  4-бөлігі бойынша тергеу амалдары басталды.Қазіргі уақытта көліктегі екі жолаушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қалған күдіктілерге қатысты қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.Күдіктілерді ұстау кезінде Жамбыл облысы прокуратурасының тікелей қатысуы болған.Құқық қорғау органдары облыс аумағында есірткінің заңсыз айналымын анықтау және тоқтату бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ДОСТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ДОСТЫҚТЫ ДӘРІПТЕЙТІН ТУРНИР ӨТТІ

AdiletTV

Шымкент қаласы: «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел»

AdiletTV

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА: ШЫМКЕНТТЕ ОРТА АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ САЛЫНУДА

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз