1.3 C
Shymkent
22 января, 2026
adilettv

ШЫМКЕНТТЕ ЖҮРЕГІ ТОҚТАП ҚАЛҒАН НАУҚАСТЫ ДӘРІГЕРЛЕР АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ


Шымкент қаласында дәрігерлер біліктілігі мен шұғыл әрекетінің арқасында 60 жастағы науқастың өмірін сақтап қалды.
15 қазан күні №2 қалалық ауруханаға жедел жәрдем қызметі арқылы аса ауыр жағдайда ер адам жеткізілген. Дәрігерлер оған ауыр панкреатит, пневмония, қант диабеті және тыныс жетіспеушілігі диагноздарын қойып, кома жағдайында жансақтау бөліміне жатқызды.
Науқастың өмірін сақтап қалу мақсатында бейінді мамандардың мультидисциплинарлық консилиумы құрылып, кешенді ем-шаралар басталды. Алайда 16 қазан күні түнгі сағат 23:30 шамасында науқаста клиникалық өлім тіркелген.
Дегенмен, дәрігерлердің жедел әрі үйлесімді реанимациялық іс-әрекеттерінің арқасында жүрек соғысы небәрі төрт минут ішінде қалпына келтірілді. Науқастың жағдайын тұрақтандыру үшін «Призмафлекс» аппараты арқылы гемодиафильтрация жүргізілді.
Қазіргі таңда науқас толық есін жиып, жағдайы тұрақталған. Ол палатаға ауыстырылып, жақын күндері үйіне шығарылуға дайын.
Бұл оқиға – қалалық медицина саласындағы кәсібилік пен заманауи технологиялардың нақты нәтижесі. Дәрігерлердің жоғары жауапкершілігі мен уақтылы көрсетілген көмегі тағы бір адам өмірін аман алып қалды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ ӘЗІЛ-СЫҚАҚ ЖӘНЕ САТИРА ТЕАТРЫНЫҢ ҰЖЫМЫ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

AdiletTV

Шымкенттік тәртіп сақшылар оқушыларға құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында сабақ өткізді.

AdiletTV

ТҰРАНДА БАЛАЛАР ЖӘНЕ СПОРТ АЛАҢШАЛАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛУДЕ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз