adilettv

145 ҰЛАН ОТАН АЛДЫНДАҒЫ БОРЫШЫН АДАЛ АТҚАРУҒА СЕРТ БЕРДІ  




Республика күні қарсаңында ҚР Қорғаныс министрлігінің С. Рахымов атындағы  әскери колледждің сап алаңында 1-курсқа қабылданған 145 ұлан елге адал қызмет етуге серт берді. Салтанатты шарада жас сарбаздардың жүректерін толқыныс пен мақтаныш сезімі кернеді. Әскери форма киген ұландар Қазақстан Республикасына шексіз адалдық танытып, Отанды қорғау – ең жоғары міндет екенін атап өтті.Ант қабылдау рәсіміне колледж басшылығы, ата-аналар мен ардагерлер қатысты. Шара аясында жеке құрамның салтанатты шеруі өтіп, музыкалық сүйемелдеумен мемлекеттік Ту көкке көтерілді.

Бұл күн – жас ұландардың өміріндегі ең жауапты әрі мәртебелі сәттердің бірі. Енді олар нағыз әскери өмірге алғашқы қадам жасап, ел қорғаны болуға ант етті. Серт бергендердің қатарында Қарсыбай Әділетте.Ол бұл күнді бала күнінен армандап келгенін айтады.“Мен кішкентай кезімнен әскери адам болуды мақсат еттім. Әрбір ер-азаматтың қасиетті борышы – туған елін қорғау деп білемін. Сол себепті бүгінгі серт мен үшін өмірімнің ең маңызды сәті,” – дейді ол толқыныспен.

Колледж бастығы полковник Мақсат Ақшалов ұландарды бұл айтулы оқиғамен құттықтап, серт қабылдау рәсімінің әрбір жас ұланның өміріндегі ең жауапты әрі мақтаныш сәті екенін атап өтті. Ол соңғы жылдары колледжде атқарылған ауқымды жұмыстарға тоқталды.Сондай-ақ оқу бағдарламасының ерекшелігінде айтып өтті.

Күн көкжиектен көтерілген сәтте әскери оркестрдің әуенімен алаңға мемлекеттік Ту енгізіліп, ант қабылдау рәсімі басталды. Ұландар бір ауыздан елге адалдыққа ант еткенде, ата-аналарының, ұстаздары мен ардагерлердің көздерінен қуаныш пен үміт оты сезілді.

Іс-шара аясында Республика күні мерекесінің 25 жылдығына арналған марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің бұйрығына сәйкес, 3-курс сержанты Данияр Ерубайұлы Молдабекке «Мінсіз қызметі үшін» ІІІ дәрежелі медалі табыс етілді.Салтанатты рәсім ұландардың саптық жүрісі және концерттік бағдарламаға ұласты.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Определены победители массового забега «Shymkent Marathon – 2025»

AdiletTV

Шымкентте кибербуллингке қарсы Халықаралық күніне орай іс-шара өтті

AdiletTV

Шымкентте «Бір ауыл – бір өнім» жобасының үздіктері анықталды

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз