adilettv

АУҒАНСТАННЫҢ ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ САУДА МИНИСТРІ КЕЛДІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Ауғанстан Ислам Әмірлігінің Өнеркәсіп және сауда министрі Нуриддин Азизимен кездесті.  Кездесудің мақсаты – екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, экономикалық және мәдени байланыстарды дамыту, сондай-ақ, сауда мен инвестиция салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту.

Кездесу барысында тараптар Түркістан облысының инвестициялық әлеуетін, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, логистика және туризм салаларындағы мүмкіндіктерін талқылады. Түркістан  облысында инвесторлар үшін қолайлы бизнес климат қалыптасқан. 1400 гектардан тұратын Арнайы экономикалық аймақтар және 2400 гектарды құрайтын 20 индустриалды аймақ бар. Бұл аймақтар қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар салықтық және кедендік жеңілдіктер қарастырылған.  Облыс әкімі Нұралхан Көшеров ауыл шаруашылығы және өзге де салаларда нақты жобаларды бірлесе жүзеге асыруға толық дайын екенін жеткізді.

Қазақстан мен Ауғанстанды тарихи тамырластық пен өзара құрмет байланыстырады. Түркістан – тек еліміздің емес, күллі түркі әлемінің рухани орталығы. Біз түрлі елдермен достық қатынасты одан әрі нығайтып, өзара тиімді экономикалық байланыстарды дамытуға мүдделіміз. Ауыл шаруашылығы және өзге де салаларда нақты жобаларды бірлесе жүзеге асыруға толық мүмкіндік бар.

Өз кезегінде Нуриддин Азизи Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы дәстүрлі достық қатынастардың маңыздылығын айта келе, Түркістан өңірінің стратегиялық мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты. Кездесу соңында тараптар өзара тиімді әріптестікті жалғастыру, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыру және мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету жөнінде уағдаласты.Ауғанстан – Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің бірі. Екі ел арасындағы сауда айналымы жыл сайын артып келеді. Осы жылдың 8 айында сауда айналымы 278 млн. АҚШ долларын құраса, оның ішінде 6,2% Түркістан облысының еншісінде.     Экспорттың негізгі бағыттары: бидай мен ұн, құрылыс материалдары, азық-түлік және металл мен мұнай өнімдері. Бүгінгі таңда Ауғанстанның «Талифа» компаниясы осы жеңілдіктерді пайдаланып, Түркістан  облысында кептірілген жемістер, көкөністер мен майлы дақылдарды өңдеу зауыты жобасын іске асыруда.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ЖПҚ №47 тірек пунктінде интернет алақтық фактісі бойынша 2024 жылдың 10-айында жалпы 23 қылмыс ашылған.

AdiletTV

В Шымкенте представили инновационную мобильную лабораторию по выявлению утечек газа

AdiletTV

Город Шымкент: С начала года с целью профилактики преступлений, связанных с интернет-мошенничеством, в местах массового скопления людей были проведены разъяснительные работы.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз