Ақтауда газ жарылып, 5 адам зардап шекті. Оқиға 28-ші қазан таңертең сағат 09:03-те «Әсия» тұрғын үй кешенінде жертөледе болған. Салдарынан 5 адам зардап шекті. Оның үшеуі бала. Олар ауруханаға жеткізілді.
1973 жылы туған ер адам беті, мойны, кеудесі, қол-аяғы және арқасы күйіп, 3-АБ дәрежелі (50–55%) термиялық күйік алған. Сондай-ақ көздің қасаң қабығы да күйген. Ол жансақтау бөліміне жатқызылды; 2003 жылы туған жігіттің беті күйіп қалған. Дәрігерлер алғашқы хирургиялық көмек көрсеткен соң, ол амбулаторлық емге жіберілді; 15 жастағы қыз көмірқышқыл газымен уланған. Жағдайы орташа ауыр, есін біледі, педиатриялық бөлімшеге жатқызылды; 10 жастағы қыз да дәл осылай уланған. Бірақ анасы ауруханаға жатқызудан бас тартқан; 7 жастағы ұл бала да газдан уланған. Дәрігерлер тексерге соң үйіне жіберілді. Жарылыстың нақты себебі анықталып жатыр.
