adilettv

31 қазан күні Шымкент қаласы прокуратурасының ұйымдастыруымен «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» республикалық акциясы өтеді!


Маңызды жаңалық!

31 қазан күні Шымкент қаласы прокуратурасының ұйымдастыруымен «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» республикалық акциясы өтеді!

Аталған акция шеңберінде кез келген адам заң туралы тегін консультация алып, мемлекеттік органдарға тікелей жүгіне алады.

Акция 31 қазан күні сағат 17:00-де «Көрме» орталығында өтеді.

Мемлекеттік органдар, үздік заңгерлер мен адвокаттар азаматтарды қабылдап, кез-келген құқықтық мәселелер бойынша халыққа консультация беретін болады. Кіру тегін. Неғұрлым толық және нақты ұсыныстар алу үшін ісіңіз бойынша құжаттарды өзіңізбен бірге ала келіңіз.

Мекен жайы: Н.Назарбаев даңғылы, №12 ғимарат.

Іс-шараның ұйымдастырушылары: Шымкент қаласының прокуратурасы, Әділет департаменті, мемлекеттік билік органдары, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, сондай-ақ Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Жыл басынан бері ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністерінің қызметкерлері 14 күдіктіні ұстады.

AdiletTV

ПРЕЗИДЕНТ ПАРЛАМЕНТТІК РЕФОРМА ЖАСАУ ТУРАЛЫ БАСТАМА КӨТЕРДІ

AdiletTV

Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы саласындағы даму көрсеткіштері

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз