9.3 C
Shymkent
31 октября, 2025
adilettv

ЭКС-ШЕНЕУНІК КІСІ ҚОЛЫНАН КӨЗ ЖҰМДЫ

Мәдениет және ақпарат вице-министрі,Алматы қаласы әкімінің орынбасары болған Ержан Бабақұмаров кісі қолынан көз жұмды. Бүгін таңмен осындай жағымсыз жаңалық бұрқ ете қалды. Полиция таратқан мәліметке сөйкес, экс-шенеунік танысымен арада орын алған жанжалдың салдарынан қайтыс болған.
Мәтін. Бейсенбінің таңында елді елеңдеткен ақпарат- Ержан Бабақұмаровтың өлімі болды. Телеграмм арналарында жарыса жарияланған қайғылы оқиғаға қатысты құзырлы орган таратқан мәліметке сүйенсек, бүгін түнде Астанада Ержан Бабақұмаров кісі қолынан қаза тапқан. Сенат дәлізінде өткен брифинге барысында бас прокурордың орынбасары тергеу ісі басталғанын айтты.
-Мен бұл жаңалықты бүгін ғана естідім. Бір ғана айтарым полиция сотқа дейіні тергеуді бастап кетті. Қортындысын күтейік.
Мәлім болғандай Бабақұмаровтың өліміне қатысты күдікті ұсталды.Ол марқұмының танысы болып шықты. Полицияның мәліметінше, бұрынғы шенеунік соққыға жығылған. Екеуінің арасында дау туындап, соңы төбелеске ұласқан. Салдары қайғылы оқиғамен аяқталды.
-Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала анықталғандай, бұрыннан таныс екі ер адам арасында сөз таласы туындап, жанжал төбелеске ұласқан. Салдарынан 56 жастағы ер азамат алған жарақаттарынан көз жұмған.Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр
Осылайша, 56 жастағы Ержан Бабақұмаров алған жарақаттарынан көз жұмған. Марқұм 1990-жылдардан бері мемлекеттік құрылымдарда түрлі қызметтер атқарды.Бабақұмаров Алматы облысында туған. 1995 жылдан бастап әкімдікте, кейін Президент әкімшілігінде қызмет атқарған. Мәдениет және ақпарат вице-министрі, Премьер-министрі Кеңсесінің меңгерушісі сияқты жауапты қызметтерде көзге түсті. Алматы қаласы әкімінің орынбасары да болды. Президенті жанындағы ОКҚ басшысы болды. Алайда Бабақұмаров бұл қызметтен осыдан үш жыл бұрын босатылған еді.Содан бері марқұмды билік эшелонынан көрмедік.
-Ақпарат саласында өзінің орны бар азамат болды. Отбасына,жақындарына көңіл айтамын. Мен Егемен Қазақстан газетін басқарғанымда таныс болдық. Мемлекетке қызмет етті. Вице-министр болды. Соңғы қызметі ОКҚ-де басшы болды. Журналист:Неге биліктен ығыстырылды?Депутат: -Оны білмедім.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН «КОММУНАЛДЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ ӘЗІРЛЕНУДЕ

Азаматтық қорғаныс бойынша жиын өтті

AdiletTV

ҚАЛАДА КЕҢ ЖОЛАҚТЫ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз