
Шымкент қаласында мобильді интернет пен байланыс сапасын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қала аумағында бүгінде мобильді байланыс операторларының 1740 базалық станциясы қызмет көрсетіп отыр. Оның ішінде «Кселл» АҚ – 784, «Кар-Тел» ЖШС – 506 және «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС – 450 станция иелігінде.
2023 жылы жүргізілген талдау қорытындысына сәйкес, қала аумағында байланыс сапасы төмен 147 нүкте анықталған болатын («Кселл» – 53, «Кар-Тел» – 33, «Мобайл Телеком-Сервис» – 41). Осы кемшіліктерді жою мақсатында арнайы Жол картасы әзірленіп, жоспарлы жұмыстар атқарылды. Соңғы үш жыл ішінде 295 жаңа базалық станция («Кселл» – 215, «Кар-Тел» – 80) іске қосылып, 398 станцияда жаңғырту жұмыстары жүргізілді («Кселл» – 246, «Кар-Тел» – 144, «Мобайл Телеком-Сервис» – 😎.
Сонымен қатар, заманауи технологияларды енгізу нәтижесінде 361 базалық станция бүгінде 5G жиілігінде жұмыс істеуде. Бұл шаралар байланыс сапасы төмен аймақтар санын 11 нүктеге дейін азайтуға мүмкіндік берді («Кселл» – 6, «Кар-Тел» – 5).
Қазіргі таңда операторлар тарапынан базалық станцияларды орнату мерзімін қысқарту мақсатында жаңа антенна-мачталық құрылғыларды (18) және қос мақсатты тіректерді (1) орнату жұмыстары қолға алынған. Бұл өз кезегінде қала тұрғындарын жоғары жылдамдықты әрі тұрақты мобильді интернетпен толық қамтуға жол ашады.
Толығырақ: https://www.youtube.com/live/hrIwC_E42JA?si=mztrveEgzmp5LIyM
#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ
