adilettv

БАДАМ АЙМАҒЫНДАҒЫ СУ ЖАҒАЛАУЫ НЫҒАЙТЫЛУДА

Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес шаһар аумағындағы су жағалауының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және гидротехникалық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жалғасуда. Мысалы, «Hydrolife 2050» ЖШС мердігер мекемесі Бадам-2 аймағында өзен дамбасын нығайтып, жағалауды бекітіп келеді.
Мұндағы мамандар жұмысты арнайы техникамен атқаруда. Атап айтқанда құрылыс алаңына шынжыр табанды және дөңгелекті экскаваторлар, таптағыш, жүк тиегіш, сүргіш техника мен ауыр жүк көліктері, трактор – жалпы саны 16 арнайы техника жұмылдырылған.
Қазіргі таңда жобаның екінші кезеңінде өзеннің оң жағалауы нығайтылып жатыр. Алдымен дамба еңісі жоспарланып, арматура қаңқасы әзірленеді, одан кейін бетон құйылады. Барлық жұмыс бекітілген кестеге сәйкес, тиісті талаптар қатаң сақтала отырып атқарылуда.
Жобаның негізгі мақсаты – су тасуының алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ БІРҚАТАР МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАЛАР ӨТЕДІ

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ ӨҢІРЛЕРДІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ БАСПАНА ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ҚАРҚЫНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз