adilettv

МЕКТЕПТЕРДЕ ОРЫН ТАПШЫЛЫҒЫН ШЕШУ МАҚСАТЫНДА 6 ҚОСЫМША ҒИМАРАТ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Шымкенттегі әлеуметтік нысандар, соның ішінде мектептердің құрылысы қала әкімдігінің бақылауында. Қазіргі таңда мектептердегі орын тапшылығы мәселесін шешу үшін 6 мектепке қосымша ғимарат салынуда.
Соның ішінде екі мектептегі жұмыс 40 пайызға жуықтады. Жайлау шағынауданындағы 575 орындық №16 мектепке және Ө.Жәнібеков атындағы 375 орындық №19 мектепке қосымша корпустардың құрылысы биылғы наурыз айында басталып, бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстары 38 пайызға орындалды.
Ал №121 Текесу жалпы білім беретін мектебіне, №66 Қазығұрт орта мектебіне, Ақжар шағынауданындағы №122 және Кенесары Қасымұлы атындағы №82 жалпы білім беретін мектептерге қосымша оқу корпустарының құрылысы қыркүйек айында басталды.
Ғимараттардың құрылысына сапалы, ұзақ мерзімге төзімді құрылыс материалдары қолданылып, заманауи талапқа сай салынуда. Ал оқу кабинеттері интерактивті тақталар, компьютерлер, интернет желісімен қамтамасыз етіліп, химия, физика, биология зертханалары арнайы құралдармен жабдықталады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

В Управлении строительства города Шымкента прошло важное совещание

AdiletTV

Шымкент қаласы: Қаратау АПБ зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында жұмыстар кестеге сайукес жүріп жатыр.

AdiletTV

«Made in Shymkent» брендіне ие болған кәсіпорындардың жұмыс барысы!

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз