adilettv

АНДАТПА: ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ БІЛІМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ

Абай облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова облыс әкімі Берік Уәлимен бірге өңірдегі бірқатар білім нысандарын аралап, материалдық-техникалық базасымен және білім беру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстармен танысты. Жарма ауданындағы Ақтайлақ би атындағы орта мектебі 2010 жылы ашылған. Бүгінде мұнда 226 оқушы білім алады, 40 мұғалім еңбек етеді. Білім ордасында 22 оқу кабинеті, 180 орындық акт залы, 96 орындық асхана, спорт залы және 14 мыңнан астам кітап қоры бар кітапхана жұмыс істейді.
Ақтайлақ би орта мектебі – облыстағы үздік білім ордаларының бірі. Мектеп түлектері жыл сайын республикалық және облыстық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып келеді. Биыл 4 түлек «Алтын белгі» иегері атанды. Министр ауданның Суықбұлақ ауылында апатты мектептің орнына салынып жатқан жаңа екі қабатты ғимараттың құрылысымен танысты. 100 орындық мектептің 40 пайызы дайын, бірінші қабаттың жұмысы аяқталған. Мұнда оқу кабинеттерімен қатар спорттық блок пен демалыс алаңдары қарастырылған. Құрылыстың толық аяқталуы 2026 жылдың сәуіріне жоспарланған. Сондай-ақ министр Семейдегі №9 «Айгөлек» бөбекжайында болды. Бұл – инклюзивті білім берудің үлгісіне айналған балабақша. Мұнда 284 бала тәрбиеленуде, олардың арасында ерекше білімді қажет ететіндер де бар. Мекеме тәрбие процесіне жасанды интеллектті енгізген. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова өңірдегі білім беру инфрақұрылымын жаңғырту және педагогтардың мәртебесін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасатынын айтты.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының 95 жылдығына орай ұйымдастырылған Орталық Азия елдерінің IX халықаралық театр фестивалі

AdiletTV

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРАМА КОМАНДАСЫ НЫСАНА КӨЗДЕУ БОЙЫНША VI ЖАСТАР ОЙЫНДАРЫНДА КОМАНДАЛЫҚ ЕСЕПТЕ I-ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ!

AdiletTV

Министерство внутренних дел продолжает работу по выявлению и задержанию преступных групп вымогателей, сообщает Polisia.kz.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз