adilettv

НОДИРА АХМЕДОВА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҮЗДІК ҮШТІККЕ ЕНДІ

Қазақстандық таеквондошы, Шымкент қаласының спортшысы Нодира Ахмедова Уси қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медаль иегері атанды. Ол Қазақстан құрамасының қоржынына осы беделді жарыстағы алғашқы жүлдені салды.Жеңімпаз аруды отандастарымыз Шымкент қаласының әуежайынан гүл шоқтарымен қарсы алды.
49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нодира Ахмедова жарысты жартылай финалда аяқтап, үздік үштік қатарынан көрінді. Жартылай финал кезеңінде ол Қытайлық Тайпей елінің өкілі Ю Юн Люге есе жіберді.Бүгінгі күнге дейін Нодира төрт кездесу өткізіп, оның үшеуінде жеңіске жетті. Екінші айналымнан бастап бақ сынаған ол Бразилия, Канада және Тайланд спортшыларын тізе бүктіріп, жартылай финалға дейін жетті. Айта кету керек, бұл — Нодира Ахмедованың кәсіби спорттағы ең ірі жетістігі ғана емес, сонымен қатар қазақстандық әйелдер таеквондосы үшін тарихи медаль.Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында соңғы рет 2007 жылы Бейжіңде қола жүлде алған болатын. Осылайша, Нодира Ахмедова арада 18 жыл өткен соң, еліміздің әйелдер таеквондосына әлемдік деңгейдегі медальді қайта оралтты

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ «ҚЫС-2025» ҚАЛАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАРЫ ӨТТІ

AdiletTV

Алматыда жазушы Еркінбай Әкімқұловтың құрметіне мемориалдық тақта орнатылды

AdiletTV

В Шымкенте проводятся проверки почтовых отправлений.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз