adilettv

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК МӘСЕЛЕСІ

Бүгінгі таңда қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру — қоғамның басты міндеттерінің бірі. «Таза Қазақстан» акциясы елімізде экологиялық жауапкершілікті арттырып, тұрғындардың табиғатқа деген қамқорлығын нығайтуға бағытталған игі бастама болып табылады. Бұл шараның негізгі мақсаты — қоршаған ортаны тазарту, көгалдандыру және тұрмыстық қалдықтарды азайту арқылы елдің экологиялық ахуалын жақсарту.
Акция барысында еліміздің барлық өңірлерінде сенбіліктер ұйымдастырылып, өзен-көлдердің жағалаулары, орман және саябақ аймақтары тазаланады. Сонымен қатар, экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында оқу орындары мен ұйымдарда экологиялық дәрістер, семинарлар және экобелсенділердің қатысуымен арнайы іс-шаралар өткізіледі. Бұл тек тазалық сақтау шарасы емес, сонымен қатар ұрпақ санасына табиғатқа деген сүйіспеншілікті сіңірудің тиімді жолы.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПРЕЗИДЕНТ: ҚЫЗЫЛОРДА ШАҺАРЫНЫҢ ТАРИХИ МӘН- МАҢЫЗЫ АЙРЫҚША.

AdiletTV

«ОЙ ДОДА» интеллектуалды ойыны өтті

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ 200 ТӨСЕК-ОРЫНДЫ ЖАҢА ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз