adilettv

 ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Абай облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау бойынша кездесу өтті. Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен жиынға Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев қатысты. Жиынды ашқан аймақ басшысы Жолдауды іске асыру бойынша Абай облысында жүйелі жұмыстардың қолға алынып жатқанын атап өтті.
Абай облысында туризмді дамытудың 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасы жобасы әзірленді. Биыл Абайдың 180 жылдығына арналған іс-шаралар облысқа мыңдаған турист тартуға мүмкіндік берді. Ал Алакөлде Арбат алаңын жөндеу, жаңа қоғамдық кеңістік салу және жағалауды абаттандыру үшін 658 млн теңге бөлінді. 2026 жылы көл аумағындағы жұмыстар толық аяқталып, өзге туристік бағыттарды жүйелі дамыту жалғасады. Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндіріп, елдің цифрлық трансформациясын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер мен басымдықтарға назар аударды. Кездесуде Бородулиха ауданының әкімі Айдар Ибраев пен Жаңасемей ауданы Көкентау ауылдық округінің әкімі Әділет Жұмағали сөз сөйлеп, өз өңірлерінде Жолдауда жүктелген міндеттерді іске асыру бағыттары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ASAR BASPANA» ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРЫ ҰСТАЛЫП, 1,2 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРАЖАТ ТӘРКІЛЕНДІ

AdiletTV

Агроөнеркәсіптік серпін: Шымкенттегі ауыл шаруашылығы жобалары (2025–2027)

AdiletTV

Қызмет пен өмірлік жолдың өнегесі

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз