adilettv

ҚАРАҒАНДЫДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АТЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕГЕН ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫ ӘШКЕРЕЛЕНДІ

ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті
«Үміт Самғау» қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Компания өз қызметін жалғызбасты аналарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсететін қайырымдылық жобасы түрінде көрсеткен.

Азаматтарға салған қаражатының 300%-дан 800%-ға дейін табыс әкелетіні жөнінде уәде беріліп, әртүрлі «салым түрлері» ұсынылған.

Жоба шарттары бойынша – салым көлемі неғұрлым жоғары болса, табыс та соғұрлым көп болатыны айтылған.

Қатысушыларға төлемдер нақты кәсіпкерлік қызмет есебінен емес,
жаңа салымшылардың қаражаты есебінен жүргізілген.

Қылмыстық схемаға ұйымдастырушының туыстары мен таныстары «дропперлер» ретінде тартылған, олардың атына тіркелген банктік карталары мен шоттарына салымшылардың ақшасы қабылданған.

Нәтижесінде қаржы пирамидасына 400-ден астам азамат тартылып, жиналған қаражаттың жалпы көлемі 100 млн теңгеден астқан.

Сот санкциясымен күдіктінің пәтері мен автокөлігіне тыйым салынды.

Тергеу жалғасуда.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласы: білім ордаларында есірткіні қолдану мен нашақорлықтың алдын алу бағытында түрлі профилактикалық жұмыстар жүргізіп келеді.

AdiletTV

Проект строительства международного университета — партнёрство ABYROI UNIVERSITY и Shymkent Invest

AdiletTV

МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН БІРҚАТАР ҮКІМЕТАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫ АЛМАСУ РӘСІМІ ӨТТІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз