2.3 C
Shymkent
6 февраля, 2026
adilettv

ШЫМКЕНТТЕ ПОЛИЦИЯ ЕСІРТКІ АРНАСЫН ЖОЙДЫ

Шымкент қаласының полиция департаменті есірткі қылмыстарымен күреске бағытталған кешенді іс-шараларды жүйелі түрде жалғастыруда. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 15 қазанда еліміздің өзге өңірлерінен Шымкентке есірткі жеткізудің арнасы анықталып, оның жолы кесілді. Күдікті ретінде Алматы облысының тұрғыны ұсталды.

Тергеу аясында Алматы облысы мен Алматы қаласында жүргізілген тексеру барысында жалға алынған тұрғын үй мен жасырылған орындардан жалпы салмағы 200 грамға жуық синтетикалық есірткі заты тәркіленді. Тексеру нәтижесінде ұсталған әйелдің бұған дейін де есірткіні өткізу мақсатында жалға алынған автокөлікпен Шымкентке бірнеше рет келгені белгілі болды.

Сонымен қатар 22 қазан күні құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз егіп-өсірген жергілікті тұрғын анықталып, қолға түсті. Тергеу барысында оның өз үйінің ауласында жалпы салмағы 2,5 келіден асатын төрт түп сора өсімдігін баптап өсіргені белгілі болды. Аталған өсімдіктер толықтай тәркіленді.

Қазіргі уақытта екі дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция департаменті азаматтарға есірткі айналымына қатысты кез келген заңсыз әрекет қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді және қоғамды бұл бағыттағы құқық бұзушылықтарға бейжай қарамауға шақырады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАНДАР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

AdiletTV

ТОО Balabi Textile – новый этап в развитии чулочно-носочного производства в Шымкенте

AdiletTV

ХҚКО және мамандандырылған ХҚКО-ның мереке күндеріндегі жұмыс кестесі

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз