adilettv

СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІ ӨНДІРУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ

Қарағанды облысының полиция департаменті «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өңірде есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жұмыстарын жалғастырып келеді.5 қараша күні есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратурамен бірлесіп, Қарағанды қаласының Сортировка кентінде кең ауқымды арнайы операция жүргізді.
Нәтижесінде жасы 28 бен 30 арасындағы екі облыс тұрғыны синтетикалық есірткі өндіруге арналған жасырын зертхана ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды.Тінту кезінде тәртіп сақшылары жалдамалы үйден бір тоннадан астам прекурсор және 52 келіден астам дайын есірткі заты — “Альфа-PVP” тәркіледі. Сонымен қатар есірткі өндіруге арналған электронды таразылар, араластырғыштар, кептіргіштер, вакуумдағыштар, контейнерлер және өзге де техникалық құрылғылар айғақ зат ретінде алынды. Операция нәтижесінде шамамен 173 мың доза синтетикалық есірткінің қара нарыққа түсуінің жолы кесілді. Сондай-ақ азаматтар арасынан жаңа «курьерлер» мен жасырын таратушылардың қылмыстық іске тартылуына жол берілмеді, — деді Қарағанды облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ғалымжан Бекболатов.Алдын ала тергеу деректері бойынша, күдіктілер үйді зертхана ретінде жалдап, психотроптық заттарды шетелдік куратордың нұсқауымен дайындаған. Ал еңбекақысы криптовалюта түрінде төленіп отырған.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ ЖАРТЫ МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ БӨТЕННІҢ МҮЛКІН ҰРЛАҒАН РЕЦИДИВИСТ ҰРЫ ҰСТАЛДЫ

AdiletTV

Шымкент ҚПД Тұран АПБ ЖПҚ-ң № 61 УПП-ң әкімшілік аумағында ЖОО колледж студенттеріне қоғамдағы өзекті мәселелер жайында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр.

AdiletTV

Шымкент қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі белгіленбеген орындардағы қоқыстар мен рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын орындарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізуде.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз