Профессор Хафиз Жаңабайұлы Мақажанов атындағы Қарағанды көпсалалы ауруханасында Қазақстандағы алғашқы нейрохирургиялық кешеннің жаңа буыны – Remebot RM-200 роботы пайда болды. Жасанды интеллект құрылғысы дәрігерлерге миға операцияны миллиметрден аз дәлдікпен орындауға көмектеседі.
Remebot RM-200 – медициналық деректерді талдауға және операция кезінде хирургтарға көмектесуге қабілетті интеллектуалды жүйе. Жақын арада оның көмегімен ота жасалады: интракраниальды биопсия және ми ісіктерінің абляциясы.Аурухана директоры Еркін-Дәуір Құрманғалиевтің айтуынша, бұл технологияны енгізу жыл сайын 300-ден астам жоғары технологиялық нейрохирургиялық операцияларды жасауға, процедуралардың инвазивтілігін және пациенттің сауығу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.Берілген нүктеге жетудің дәлдігі миллиметрден аз. Бұл Паркинсон ауруы, эпилепсия, ми ісігі бар науқастарға операция жасауға, сондай-ақ стереотаксикалық араласу мен гематомаларды жоюды сәтті орындауға мүмкіндік береді, — деп түсіндірді Еркін-Дәуір Құрманғалиев.
