adilettv

«БІЛІМДІ ЖАСТАР – КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ»

Шымкент қаласында Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапхананың ұйымдастыруымен Дүниежүзілік жастар күніне орай «Білімді жастар – келешек кепілі» атты кездесу кеші өтті. Іс-шараның мақсаты – жас буынның шығармашылық әлеуетін арттыру, білім мен ізденіске деген ынтасын қолдау.

 Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Анар Жаппаркулованың айтуынша, бұл  іс-шара жас оқырмандар мен өсіп келе жатқан жас ұрпақтарды түрлі салада жетістікке жеткен мамандармен жүздестіру. Осы арқылы жастардың бойында білімге құштарлықты арттырып, сауатты және дұрыс өмір сүруге, сондай-ақ өмірде өз орнын тауып, жетістікке жетуге деген ұмтылысты қалыптасытру көзделген.

Шымкент қаласындағы «Тәуелсіз Ел» компаниясының директоры Ақарыс Қабылбек осы салада төрт жылдан астам қызмет атқарып келеді.Сонымен қатар, осы уақыт ішінде мыңнан астам адамға баспанаға қол жеткізуге мүмкіндік жасап, халыққа қызмет етуді басты мақсат етеді. Бүгінгі іс-шарада ол жастарға өнегелі тәрбие берудің маңыздылығын түсіндіріп, өз жетістіктерінің сырын және алға қойған мақсаттарына жету жолындағы өз ойын ортаға салды.

Айта кетейік, кездесу барысында қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, жастардың рухани дамуы мен шығармашылық әлеуетін арттыру бағытында мазмұнды пікірталастар өрбіді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Оңтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі бес жыл бойы студенттердің стипендиясын заңсыз иемденген.

AdiletTV

«Ата жолы» картасы: дүние жүзіндегі этникалық қазақтар тарихи Отанына оралып, елге қызмет ету мүмкіндігін пайдаланады

AdiletTV

Түркістан облысы: МӘМС 2024 жылы жұмыс берушілер мен бірнеше жерде жұмыс істейтін адамдар қанша жарна төлейді?

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз