adilettv

РЕСЕЙЛІК ЖАСТАР ҚАЗАҚША СӨЙЛЕГІСІ КЕЛЕДІ

Өздеріңізге мәлім Мемлекет басшысы мемлекеттік сапарпен көрші елде жүр. Өткен аптада ғана АҚШ-қа сапарлап қайтқан Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс кестесі тығыз. Осы аптаның жұмысы Ресейде басталды. Мәскеуге ат басын тіреген қазақ Президенті ресми қарсы алу рәсімінен соң Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенттерімен кездесті.
Қазақ тілін үйреніп жүрген студенттердің арасында Қазақстанда туып-өскендер де,ресейліктер де бар. Олар Мемлекет басшысымен қазақша әңгімелесті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітаптарында көрініс тапқан дипломатия мен ашықтық қағидалары Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында үлгі ретінде оқытылып жатқанын айтты. Сондай-ақ жастар Ұлы Абайдың шығармашылығына қызығушылық танытады екен. Мемлекет басшысы студенттердің қазақ тілін үйренуге деген ынтасына жоғары баға беріп, оларға сәттілік тіледі.Осы кездесулен соң,біз сұқбаттасқан Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенті Кристина Юдина Алматы қаласына саяхатынан соң қазақ тілін үйреніп жүр. Ол қазақ мәдениеті мен салт-дәстүріне қызығушылық таныта бастаған. Кристина қазақ әншісі Қайрат Нұртастың әндерін тыңдаймын деп,шырқай жөнелді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЕЛІМІЗДІҢ ӨҢІРЛЕРІНДЕ СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗЕҢІНЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖАЛҒАСУДА

AdiletTV

Астанада компьютер ұрлаған адамның үстінен іс қозғалды

AdiletTV

ТҰРАН АУДАНЫ: БАЛАЛАРҒА ЖАЙЛЫ ОРТА ЖАСАУ МАҚСАТЫНДА ЖАҢА ОЙЫН ЖӘНЕ СПОРТ АЛАҢДАРЫ САЛЫНАДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз