ШЫМКЕНТТЕ 99 ТҰРҒЫНҒА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ БЕРІЛДІ
2025 жылы мемлекет азаматтарға жаңа бизнес-жобаларын жүзеге асыруға гранттар берудің ІІІ легін аяқтады. Бұл лег бойынша 400 АЕК-ке дейінгі (1 572 800 теңге) қаржы көлеміндегі гранттар үшін 398 өтініш қабылданып, комиссия шешімімен 99 адамға грант берілді. Қазіргі уақытта қаржы аударылуда.
Грант алушылардың санаты бойынша:
• Азаматтық әлеуметтік көмек алушы – 1;
• Асыраушысынан айырылған отбасы – 5;
• Еңбекке қабілеттілігі бар мүгедектігі бар – 21;
• Көп балалы отбасылар – 55;
• Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырғандар – 17.
Жобалар бойынша грант алушылар:
• Мал, құс шаруашылығы – 3;
• Қызмет көрсету саласы – 28;
• Кондитерлік және нан өнімдері – 12;
• Тігін өнеркәсібі – 12;
• Полуфабрикат өнімдері – 7;
• Жиһаз өндірісі – 3;
• Өндіріс (құлпынай өсіру, ет өндірісі және т.б.) – 18;
• Басқа салалар (фаст-фуд, ыстық тағам, шұжық, кофе және т.б.) – 16.
Жалпы 2025 жылы 432 адамға қайтарымсыз грант беріліп отыр. Мемлекеттік гранттар жаңа кәсіпкерлік жобаларды дамытуға, ел экономикасын нығайтуға және жұмыс орындарын құруға үлес қосады деп күтілуде.
Сонымен қатар, 18 қараша күні сағат 14:00-де «Көрме орталығында» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеге 100-ден астам жұмыс беруші қатысып, қала тұрғындары бос орындармен танысып, жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.
Бұл шаралар – Шымкенттегі кәсіпкерлікті дамыту және тұрғындарға тұрақты жұмыс орны мен қаржылық қолдау көрсету бағытындағы маңызды бастамалар болып табылады.Қазір грант иегерлерімен келісім-шарт түзу жұмыстары жүргізілуда. Бұл қолдау тұтынушылық мақсатқа, кредитті өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер телімдерін сатып алуға, өнім өндіруге берілмейді.
Толығырақ: https://www.youtube.com/live/tdctUfs06IU?si=S4aLAUl9S6s-D-4L
#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ
Келесі пост
