adilettv

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА AMANAT ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

Бүгін Еңбекші ауданы аумағында AMANAT партиясының Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Құқықтық көмек» жобасы аясында кезекті көшпелі мобильді қоғамдық қабылдау өтті. Шалғай елді мекен тұрғындарының талап-тілегін тыңдап, мәселелерін жедел шешуге бағытталған шараға партия өкілдерімен бірге полиция департаментінің мамандары, заңгерлер және прокуратура қызметкерлері қатысты.
– Бұл – халықтың партияға келуі емес, партияның халыққа өзі баруы, олардың тыныс-тіршілігіне етене араласуы. Шалғай елді мекен тұрғындарының мұң-мұқтажын тыңдап, өтініштерін партиялық бақылауға алып отырамыз. Жыл басынан бері осындай қабылдаулар 27 рет өткізіліп, 491 тұрғынның өтініші қаралды. Соның 59 пайызы оң шешімін тапты. Қалғандары да партияның тұрақты назарында, – деді партияның Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов.
Бүгін де талап-арызын, өтініш арқалаған халықтың қарасы көп. Көпшілігін инфрақұрылым, яғни газ, жарық, ауызсуға қатысты түйткілдер толғандырса, әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй кезегі, жер мәселесі де алдыңғы қатарда екені байқалды. Мамандар әр азаматқа құқықтық кеңес беріп, нақты бағыт-бағдар ұсынды. Тиісті мекемелерге жолданатын хаттамалық тапсырмалар дайындалды.
«AMANAT» партиясының көшпелі қоғамдық қабылдаулары жыл соңына дейін жалғасатын болады. Партия өкілдерінің айтуынша, мұндай қабылдаулар шалғайда тұратын халықпен кері байланысты күшейтіп, олардың мәселелерінің дер кезінде шешілуіне үлкен ықпал етіп отыр.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ЕРКІН ЖАСТАРЫ

AdiletTV

Г. Шымкент: Нурлан Алмасбеков: «правонарушение не остается безнаказанным»

AdiletTV

Жастарға кәсіпкерлік негіздері таныстырылды

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз