adilettv

ПРЕЗИДЕНТ ТОҚАЕВ ЕЛІМІЗДІҢ АГРОСАЛАСЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕРДІ АТАДЫ

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысып, агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі жағдайы мен болашақ даму бағыты туралы өзекті ойларымен бөлісті. Форумға 2 мыңнан астам адам – шаруалар, сала мамандары, инвесторлар, қоғамдық және халықаралық ұйым өкілдері қатысты.

Президенттің айтуынша, ел экономикасы биылғы он айда 6,4% өссе, ауыл шаруашылығы да сол қарқыннан қалыспай отыр. Салаға құйылған инвестиция 790 млрд теңгеге жетіп, 20% өсім көрсеткен. Соңғы үш жылда еңбек өнімділігі 37,3% артқан, ал Қазақстан жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі рейтингінде 32-орында.

Сонымен бірге елдің ауыл шаруашылығындағы әлеует әлі толық іске асырылмағанын атап өтті. Қазақстан жайылым жер көлемі бойынша әлемде 6-орында, ал егіс алқабы бойынша 8-орында тұр. Демек, басты міндет – қолда бар ресурсты тиімді пайдалану.

Президенттің айтуынша, соңғы он жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2,5 еседен аса өсіп, 3,3 трлн теңгеден 8,3 трлн теңгеге жеткен. Ендігі мақсат – 2030 жылға дейін бұл көрсеткішті тағы 2 есеге арттыру.
«Терең өңделген өнім шығаруға басымдық беру қажет. Еліміздегі агроөнеркәсіп кешені көбіне шикізат шығарумен шектеліп отыр. Мұны ашық айтқан жөн. Ауыл шаруашылығын жоғары технологияға негізделген озық сала ретінде дамыту – маңызды міндет. 2023 жылы агроөнеркәсіптегі өңделген өнімнің үлесі небәрі 35 пайыз еді. Ал биыл 50 пайыз болды. Келесі жылы 70 пайызға толық жетуі керек. Қазір бұл салаға шетел инвесторларын тарту жұмысын тездету қажет. Тиісті жобалар аз емес, олардың бірнешеуімен жиын алдында таныстым, бірақ бір жерде тоқтап қалуға болмайды.

Тоқаев ауыл – халқымыздың тамыры, рухани қазығы екенін айта келе, агросаланы дамыту – жалпы елді дамытуға жол ашатынын ерекше атап өтті. Алдағы жылдары басты басымдық – нақты нәтижеге бағытталған сапалы жұмыс, тиімді реформа және ресурсты ұтымды пайдалану болмақ.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«Психологиялық қызмет: креатив және инновация»

AdiletTV

НАУРЫЗ, НАУРЫЗ АЛТЫ АЛАШҚА ҚОШ КЕЛДІҢ!

AdiletTV

ҚАЗАҚСТАНДА СПОРТТЫҚ АТУДАН XVI АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ!

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз