adilettv

ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ

Түркістан облысында жалпы сыйымдылығы 119 мың тоннаны құрайтын 9 мұнай сақтау қоймасы және 380 жанармай құю бекеті жұмыс істейді. Бүгінде Шымкент қаласындағы мұнай өңдеу зауыты штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Мұнай сақтау қоймаларында АИ-92 маркалы бензиннің 12 507 тонна, АИ-95 маркалы бензиннің 1 296 тонна, дизельдік отынның 11 356 тонна қоры бар. Жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин және дизель отыны еркін босатылуда, тапшылық жоқ. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде мәлімделді.

 Облыс басшысы жауапты тұлғаларға жанармай бағасын тұрақтандыру және тапшылығын болдырмау мақсатында тиісті шараларды қолға алу бойынша тапсырмалар жүктеді. 2025 жылдың 16 қазанынан бастап бағаны тұрақтандыру мақсатында АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бағасын көтеруге мораторий енгізілді.

Жанармай тапшылығын болдырмау және бағаны тұрақтандыру бойынша облыс көлемінде арнайы жұмысшы топтар құрылып, күнделікті бақылау жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесінде 89 жанармай құю бекетінде бағаны өсіру фактілері анықталып, баға қалыпқа келтірілді. Сонымен қатар жанар-жағармайды көрші елге заңсыз тасымалдауды тоқтату мақсатында тұрақты түрде рейдтік шаралар өткізілуде. Жыл басынан мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы бойынша 247 факт анықталып, 10,4 млн теңгеге айыппұл салынды.

Жалпы қазіргі уақытта облыс көлемінде жанар-жағармай тапшылығы жоқ, баға – тұрақты. Жанармай бағасын тұрақтандыру және тапшылығын болдырмау жұмыстары жалғасады.

Аудан, қала көлемінде жұмысшы топтар құрылып, тұрақты мониторинг жүргізілуде. Бүгінгі таңда зауыттардан қараша айына бөлінген 11 880 тонна сұйытылған мұнай газының 5706 тоннасы босатылып, субъектілерге жөнелтілді. Мониторинг жұмыстарының нәтижесінде, аудан, қала аумағындағы бекеттердегі газ қалдығы 487 тоннаны құрап отыр.  Сұйытылған мұнай газының тұтынушыларға жеткізілуі және оның бекітілген бағада сатылуына тұрақты мониторинг жүргізіліп, бақылауға алынған.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Заң және тәртіп: ІІМ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейтуде

AdiletTV

Бірлік – мызғымас мемлекет пен өркенді болашақтың негізі

AdiletTV

«Байдың тойында шулаған елді өзіне ұйытып әкетті»: танымал асаба Тамара Асар жайлы естелікпен бөлісті

Пікір қалдырыңыз