adilettv

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЕКІ ҚАБАТТЫ ҮЙ ӨРТЕНІП, 12 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Жетісай ауданының Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үй өртке оранып, үлкен қайғылы жағдай тіркелді. Өрт сөндіру бөлімдері оқиға орнына жеткен кезде баспана толықтай жалынға оранғаны анықталды.

Өртті барлау және сөндіру кезінде үйдің ішінен ес-түссіз күйдегі үш адам эвакуацияланып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Сонымен қатар тоғыз баланы қоса алғанда, жалпы 12 адамның мәйіті табылды.

Көршілердің айтуынша, оқиғадан бір күн бұрын үйде іс-шара өтіп, қонақтар болған.

Алаң 360 шаршы метр аумақтағы өрт толықтай сөндірілді. Қазір оқиға орнында барлық жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр. Тергеу басталып, өрттің шығу себебі анықталуда.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АЩЫ СУ – ЗАҢ АЯСЫНДА.

AdiletTV

2029 ЖЫЛҒЫ ҚЫСҚЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ АЛМАТЫДА ӨТЕДІ

AdiletTV

2025 жылға жоспарланған ірі жобалар экономикаға тағы да миллиард теңге мәніндегі жаңа инвестициялар мен мыңдаған жұмыс орны тартпақ.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз