adilettv

«SELENA GROUP» ХОЛДИНГІ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

«Selena Group» өкілдерімен кездесу

Құрылыс химиясын өндіретін әлемдік жетекші компаниялардың бірі — Selena Group қазақстандық нарықта берік орны бар.

Келген қонақтар «Shymkent Invest – Front Office» өкілдерімен бірге «Жұлдыз» индустриялық аймағында болып, құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін зауыт жобасына қатысты инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және өндіріс процессіне қатысты мәселелер талқыланды.
Бүгін «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткіздім. Компания президенті Славомир Майхровски мырзамен бірге құрғақ құрылыс қоспасын шығаратын зауыттың құрылыс кезеңі, инженерлік жұмыс көлемі және маман даярлау мәселелерін талқыладық.

Колледж студенттеріне арналған дәрістерді, оның ішінде тәжірибелік сабақ пен шеберлік сыныптарын ұйымдастыруға ерекше назар аудардық. Бұл жаңа зауыт үшін білікті кадр дайындауға, жергілікті мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға және студенттердің халықаралық тәжірибе алуына мүмкіндік береді.

Инвестиция көлемі шамамен 10 млн АҚШ долларын құрайтын жоба қаламыз үшін елеулі пайда әкелмек. Жаңа өндіріс нарықтағы отандық материалдардың үлесін арттырып, құрылыс саласының дамуын нығайтады. Зауыт жылына 150 мың тоннаға дейін өнім шығаруға қауқарлы болады.

Құрылыс кезеңінде шамамен 50 уақытша жұмыс орны ашылса, зауыт іске қосылғаннан кейін 100-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Инвесторларға өнеркәсіпті дамытуға қызығушылық танытқаны үшін алғыс айтып, жоба табысты жүзеге асуы үшін толық қолдау білдіретінімді жеткіздім.
Бұл жоба отандық құрылыс материалдарының үлесін арттырып, Шымкенттің өнеркәсіптік дамуына серпін бермек.

Шымкент — инвесторларға қолайлы қала!

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЛАДА КЕҢ ЖОЛАҚТЫ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

AdiletTV

Алматыда жазушы Еркінбай Әкімқұловтың құрметіне мемориалдық тақта орнатылды

AdiletTV

ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛЕРГЕ 5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІНГІ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАР ҰСЫНЫЛАДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз