5.3 C
Shymkent
11 января, 2026
adilettv

ЖАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІРМЕН ЖҮРГЕН КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ ҰСТАЛДЫ

Қарағанды облысында полицейлер жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан, көлік жүргізіп қана қоймай, оған жалған мемлекеттік нөмір таққан Семей қаласының тұрғынын ұстады, — деп хабарлайды Polisia.kz. Оқиға 19 қараша күні таңғы сағат 6 шамасында Жезқазған — Қарағанды тасжолында тіркелген. Облыстық полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны жеке құрамы қазіргі уақытта “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасы аясында күшейтілген тәртіпте қызмет атқаруда.
Шараның мақсаты – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жүргізушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу және жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау.Таңғы рейд барысында полиция қызметкерлері A8 көлігін тоқтатып, тексеру кезінде оның 555 WWW мемлекеттік нөмірінің басқа көлікке тіркелгені анықталған. Осылайша жүргізушінің көлігіне жалған нөмір орнатқаны белгілі болды. Бұған қоса, ер адамның бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болған. Айта кетейік, биыл жыл басынан бері өңірдің республикалық маңызы бар жолдарында жалған мемлекеттік нөмір таққан 73 жүргізуші және жүргізу құқығынан айырылған 53 азамат анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАНДА ЕЛ БІРЛІГІН НЫҒАЙТУ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

AdiletTV

АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

AdiletTV

Инфрақұрылым мен логистика: ауыл шаруашылығы өнімдерін қолдайтын жаңа кешендер

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз