adilettv

КЕНТТЕРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІМІН ТАБАДЫ

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласының Водный және Восход кенттерінде жүргізіліп жатқан сумен қамту және жол жөндеу жұмыстарымен танысты. Тұрғындар әкімге ауыз су, жарық, электр желілері, жолдарды асфальттау, пошта, дәріхана және балабақша ашу мәселелерін жеткізді.

Қазіргі уақытта екі кентке 70 км-ден астам су құбыры тартылып, 1598 үйге, жаңа мектепке, СВА-17 мекемесіне және №34 мектепке су желісі жеткізілді. Восходта 70 шам орнатылды, ал Водныйда жыл соңына дейін 75 шам қою жоспарлануда. Мектеп маңдарында жаяу жүргіншілер жолы салынды. Водныйда төрт көшенің электр желісі жаңғыртылды, ал Восточныйда 500-ден астам бағана ауыстырылып, трансформаторлар орнатылып, 18 км кабель тартылды. Сондай-ақ Геодезическая көшесіндегі жөндеу жұмыстары қаралды. Бірқатар көшелерге асфальт төселді. Жалпы ұзындығы 3 км-ден астам жол жөнделіп, 30 көшеге қиыршық тас төсеу және профильдеу жұмыстары жүргізілді. Әкім шеткері аймақтардың мәселелері жүйелі түрде шешілетінін айтты.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ПІКІРІНШЕ, СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН МЕТАЛДАРДЫ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ САЛАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК ПЕРСПЕКТИВТІ БАҒЫТТЫҢ БІРІ САНАЛАДЫ

AdiletTV

«Атамекен» ҰКП төрағасы Шымкентке іссапармен келді

AdiletTV

Индустрия, туризм және қала тартымдылығы

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз