adilettv

ШЫМКЕНТТЕ КҮЛӘШ ШӘМШИДИНОВАНЫҢ «ҮЗДІК» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Шымкент қаласында ҚР Еңбек сіңірген ұстазы, мемлекет және қоғам қайраткері Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинованың жаңа «Үздік» кітабының тұсаукесері жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Салтанатты шараға «Өрлеу» БАҰО» Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтының, Шымкент қаласы Білім басқармасы жанындағы Ардагерлер кеңесінің, мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының, білім басқармасы мен Әдістемелік орталықтың өкілдері, сондай-ақ жалпы білім беру ұйымдарының басшылары, ата-аналар қауымы, химиялық-биологиялық және физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Республикалық «Дарын» мектеп-лицейінің педагогтары қатысты.
Күләш Ноғатайқызының «Үздік» атты еңбегі жас ұрпақты жан-жақты дамытуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған. Кітапта мұғалім мен ата-ананың бала тәрбиесіндегі бірлескен жауапкершілігі көрсетіліп, «Адал азамат» тәрбие бағдарламасының құндылықтары мен альфа ұрпақпен жұмыс істеудің жаңа әдістемелік қағидалары қамтылған.
Салтанатты рәсімде қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек авторды құттықтап, оның ел білімін дамытудағы ерен еңбегіне ерекше тоқталды:
«Күләш Ноғатайқызы – саналы ғұмырын ағартушылыққа арнаған, қазақ білімінің дамуына қажымай еңбек еткен қайраткер. Оның әрбір бастамасы – болашақ ұрпақтың жарқын келешегіне қызмет етеді. «Үздік» кітабы – тәжірибесі мен парасатының жемісі, жас буын мен ұстаздар қауымына бағытталған баға жетпес мұра».
Кітап педагогтар мен ата-аналар үшін тәрбие мен білім берудегі құнды әдістемелік нұсқаулық болып табылады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЗАПУЩЕН ПРОЕКТ «ВКЛАД ГРАЖДАН В РАЗВИТИЕ ШЫМКЕНТА»

AdiletTV

МЕМОРАНДУМ: «SMART SHYMKENT» ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ – ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨМІРІН ЖАЙЛЫ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗЕКТІ ҚАДАМ

AdiletTV

Жаңа индустриялық аймақтар құру және қолданыстағыларды кеңейту жұмыстары

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз