adilettv

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін қалалық әкімдік ғимаратында Ауыл шаруашылығы министрі А.Сапаровтың қатысуымен еңбеккерлерді марапаттау іс-шарасы өтті. Сондай-ақ жиынға қала әкімінің бірінші орынбасары А.Кәрімов, әкімдік қызметкерлері мен агросектор өкілдері қатысты. Министр кәсіби мереке иелерін құттықтап, аграрлық саланың ел экономикасындағы және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды рөліне тоқталды.
— Мемлекет басшысы ел дамуына үлес қосып жүрген әрбір азаматтың еңбегін жоғары бағалайды. Президенттің тапсырмасымен мемлекеттік наградалар жүйесіне «Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері» деген құрметті атақ енгізілді. Бұл — еңбеккерлерге деген құрмет пен адал еңбектің шынайы бағасы. Биыл агроөнеркәсіптік кешен үшін жетістіктерге толы жыл болды. Шымкент мегаполис болғанымен, аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің дамуына елеулі үлес қосып келеді, – деді А. Сапаров.
«Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері» атағына «Шымкент құс» ЖШС-нің бас директоры Ә.Досболов ие болды. Сондай-ақ 3 үздік азаматқа елеулі еңбектеріне орай, мемлекеттік наградалар табысталды. Бірқатар агробизнес өкілі Премьер-министрдің, Ауыл шаруашылығы министрінің наградаларымен марапатталды.
Қалада мал шаруашылығын дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде. Қазір бұл бағытта маңызды инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасында МӘМС пакеті бойынша жоспарлы стоматологиялық көмекті қалай алу керектігі айтылды.

AdiletTV

Уважаемые жители и гости города!

AdiletTV

Шымкент қаласы: Еңбекші ауданы №34 учаскелік полициясында алаяқтық қылмыстар саны 15-тен 14-ке немесе -6,7 пайызға төмендеген.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз