adilettv

ТҰТЫНУШЫЛАР КЕЛГЕН ШАҒЫМ НЕГЕ КӨП?

Осы жылы 10 айдың ішінде тұтынушылардың құқығын бұзған 696 бизнес субъектісіне 23 млн теңгеге  айыппұл салынды. Әрбір тұтынушы сапалы тауар мен қызмет алуға құқылы. Егер сіздің тұтынушы ретінде құқығыңыз бұзылса, құзырлы органдарға шағым түсіруге болады. Тұтынушылардың құқығы қалай қорғалып жатыр? Бұл жайында Сауда және интеграция министрлігінің тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің өкілдері журналистермен өткен баспасөз маслихатында айтып берді.

 Қазақстандық тұтынушылар өз құқығын біле бермейді. Ал енді бірі қайда барып шағымдану керек екендігінен бейхабар. Тұтынушылар құқығын қорғау комитетіне мыңдаған шағым келіп түседі.  Осы жылдың қаңтар-қазан айларындағы 68 мың шағым келіп түссе, оның 37 пайызы қанағаттандырылған. Бұл жайында Сауда және интеграция министрлігінің тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Болат Танабергенов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты.

-Бөлшек саудада 28 мың шағым немесе 41 пайыз. Бұл сапасыз тауарларды айырбастаудан және бас тарту фактісі бойынша. Ал электронды саудада 15,3 мың шағым келіп түсті. 22 пайызды құрайды. Бұл тауар мен сатушы туралы ақпараттың жоқтығына, ұсынылатын тауардың сипаттамасына сәйкес келмеуі,интернет сайттардың тауар мен ақшалай қаражатты қайтарудан бас тарту деректері.  Алаяқтық фактілерінің жиілеп кетуіне қатысты шағымдар да көп.

Айта кетейік, жыл басынан бері 2,2 млрд теңгеге тұтынушылардың құқығы қорғалған.  Осы жылы 10 айдың ішінде тұтынушылардың құқығын бұзған 696 бизнес субъектісіне 23 млн теңгеге  айыппұл салынды.

 — Биыл 10 айда өңірлік департаменттер 1080 кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізіп, 31 профилактикалық іс-шара жүргізілді. Оның нәтижесінде 696 бизнес субъектісіне 23 млн теңгеге айыппұл салынды және 347 бизнес субъекті әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде жалпы сомасы 2,2 млрд теңгеге тұтынушылардың құқығы қорғалды.

Сондай-ақ, қазақстандық тұтынушылар тауардың жарнамадағы бағасы мен дүкендегі бағасы арасында айырмашылыққа қатысты шағымдануда. Мұндай жағдайда жалған жарнамаға қатысты Әкімшілік-құқықбұзушылық кодексте 157-ші бап бар. Өткен жылдың басына дейін бұл мәселе салық органдарының құзыретінде болды, олар жұмысты дұрыс атқармағаннан кейін сауда минситрлігіне берілді. Бүгінде жергілікті органдарға тапсырмалар жолданып, осы секілді мәселе туындап жатса, жергілікті департаментке арыздануға болады. Бұл жалған жарнама болып саналады, арыздың қасында дәлелдейтін материалдар, яғни фото, видео дәлелдемелерді қосып жіберуге болады, — деді Сауда және интеграция министрлігінің өкілі. Жалған жарнама берілгені туралы факті расталған жағдайда Әкімшілік-құқықбұзушылық кодексі аясында шара қолданады.Еске сала кетейік, Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заң жобасы қазір Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ИП ZeineP – высокотехнологичный экспортно-ориентированный проект по производству дезинфицирующих средств

AdiletTV

В Управлении строительства города Шымкента прошло важное совещание

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ 90 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз