adilettv

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ УЛЫ ГАЗДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ УЛЫ ГАЗДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ӨТКІЗІЛДІ
Еңбекші ауданында тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында кешенді алдын алу шаралары ұйымдастырылды. Аудандық төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері Мемлекеттік өрт бақылау басқармасымен, Еңбекші ауданы әкім аппаратымен және Газ-техникалық инспекция мамандарымен бірлесе отырып, Көксай-1, 2, 3, Орманшы, Айнатас және Шаңырақ тұрғын алаптарын аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мамандар ең алдымен “Өрт қауіпсіздігі” және “Улы газдың алдын алу” бағыттары бойынша тұрғындарға жан-жақты ақпарат беріп, тұрмыста жиі кездесетін қауіпті жағдайлардың алдын алу жолдарын түсіндірді. Әсіресе, жеке тұрғын үйлерде қолданылатын жылыту пештерінің дұрыс жұмыс істеуі, мұржалардың уақытылы тазалануы, электр желілерінің шамадан тыс жүктелмеуі және газ құралдарын қауіпсіз пайдалану талаптары кеңінен пысықталды.
Түсіндіру жұмыстары барысында тұрғындармен өрт шыққан кездегі алғашқы әрекеттер, балаларды қауіпсіздікке үйрету және төтенше жағдай туындағанда дұрыс хабарласу тәртібі талқыланды. Сонымен қатар мамандар әр үйдің жылыту пешін қарап, қажетті ұсынымдарын беріп, қауіпті тұстарын түсіндірді. Шара аясында дауыс-зорайтқыш арқылы “Улы газдан сақтану” бойынша арнайы аудио хабарлама ойнатылып, иіс газының қандай жағдайда пайда болатыны, оның белгілері және адам өміріне тигізетін қауіптері тұрғындардың назарына ұсынылды.
Ауданда өткізілген бұл алдын алу жұмыстары тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін арттырып, қауіпті жағдайлардың алдын алуға бағытталған маңызды қадам болды. Мамандар алдағы уақытта да осындай түсіндіру іс-шараларын тұрақты түрде жүргізуді жоспарлап отыр.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Мемлекет басшысы Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясында сөз сөйледі

AdiletTV

Шымкенттік кәсіпкерлер мен сенатор білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ МАРДАН САПАРБАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХХХI ДӘСТҮРЛІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТУДЕ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз