adilettv

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БІРҚАТАР МЕМЛЕКЕТТІҢ ЕЛШІЛЕРІНЕН СЕНІМ ГРАМОТАЛАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады. Ақордада алты елдің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті. Президент Қазақстан барлық мемлекетпен достық қарым-қатынас орнатқан бейбіт ел екеніне тоқталды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ішкі саясатында қолға алынған бастамалар жөнінде әңгімеледі.Бұл жұмыстар Әділетті Қазақстанды құруға, «Заң және тәртіп» қағидатына негізделгенін айтты.Мемлекет басшысы елшілерді дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, Қазақстан тарапы олардың қызметіне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Сенім грамоталарын Израиль мемлекетінің елшісі Йоав Быстрицки, Қырғыз Республикасының елшісі Құдайберген Базарбаев, Куба Республикасының елшісі Альфредо Федел Ниевес Портуондо, Ливан Республикасының елшісі Джордж Абу Зейд, Зимбабве Республикасының елшісі Марк Грей Маронгве және Сомали Федеративтік Республикасының елшісі Фатхудин Али Мохамед тапсырды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласы ішкі мемлекеттік аудит департаменті бірінші жартыжылдықты қорытындылады

AdiletTV

ЕСІРТКІ ЖАРНАМАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ЕР АДАМ ҰСТАЛДЫ

AdiletTV

АЩЫ СУ – ЗАҢ АЯСЫНДА.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз