adilettv

ШЫМКЕНТТЕ ҒАЛЫМЖАН ЕЛШІБАЙДЫҢ «ҚАЛАМҒА ҚОНҒАН ҚҰТ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Шымкенттегі «Қызғалдақ» сарайында талантты журналист, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Сөз зергері» сыйлығының иегері, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Егемен Қазақстан» газетінің Түркістан облысындағы меншікті тілшісі Ғалымжан Елшібайдың «Қаламға қонған құт» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Салтанатты шара белгілі ақын, «Алаш» сыйлығының иегері Нармахан Бегалыұлының ақ батасымен ашылды. Жиынға Астанада мен Алматыдан келген мемлекет және қоғам қайраткерлері, жалпы Оңтүстік қана емес, көршілес Жамбыл, Қызылорда өңірінен келген зиялы қауым өкілдері, қаламгерлер, ғалымдар, өнер иелері қатысты. Кітаптың лентасын Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі, Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішев, алаштанушы ғалым, «Қазақ газеттері» ЖШС-нің бас директоры Дихан Қамзабек, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек және жазушы Мархабат Байғұттың жұбайы Қыздаркұл Пернебайқызы кесті. Шарада қоғам қайраткері Созақбай Әбдіқұлов, Ұлттық ғылым академиясының академигі, Тәшенев университеті Директорлар кеңесінің төрағасы Оңалбай Аяшев, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Өзбекстандағы филиалының басшысы Дария Пернешқызы сөз сөйлеп, кітап авторының шығармашылығына қатысты ой-пікірлерін білдірді. Кешті белгілі ақын, ғалым, баспагер Темірғали Көпбаев жүргізді.
Жиын барысында Ғалымжан Елшібай жарыққа шыққан өзінің алғашқы кітабының мазмұнымен таныстырып өтті. Кітап журналистика саласында отыз жылдан астам еңбек еткен қаламгердің елу жылдық мерейтойына орай шығарылып отыр. Жинаққа Ғалымжан Қамытбекұлының әр жылдары аудандық, облыстық, республикалық басылымдарда жарияланған еңбектері іріктеліп енгізілген.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкентте мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасы енгізілуде

AdiletTV

Цифры говорят: Экономический рост города Шымкент

AdiletTV

Шымкентте жүз ерікті полицияның жұмысымен танысты

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз