adilettv

ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БОЙЫНША ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІ ӨТТІ

Арнайы және құқық қорғау органдары мен өзге де мемлекеттік орган өкілдерімен «есіркті қылмысына қарсы іс-қимыл және қабылданып жатқан шаралар» мен «кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» жөнінде Үйлестіру кеңесі өтті. Жиынға құқық қорғау және мемлекеттік органдардан бөлек, мәслихат депутаттары, діни ұйымдардың басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, қоғамдық ұйымдар, бизнес қауымдастығы, мектеп басшылары, оқушылар және олардың ата-аналары қатысты.
Қазіргі таңда жастар арасында құқық бұзушылық жағдайларының өсуі алаңдатарлық жағдай. Сол себепті де аталған мәселелер Үйлестіру кеңесінің күн тәртібіне енгізіліп отыр.
Шымкент қаласының прокуроры Ғабит Мұқанов “Заң мен тәртіп” қағидаты аясында аталған екі мәселе бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Прокуратураның мәліметінше, биыл кәмелетке толмаған 5 жасөспірімнің есірткі сату дерегі тіркелген. Шымкент қаласында есірткімен байланысты қылмыстар 3,2 пайызға өскен. Бұл ретте, прокуратураның үйлестіруімен нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесіне қарсы күресте ауқымды шаралар атқарылып жатыр. Қала прокуроры есірткімен күрес әрбір мемлекеттік органның тікелей міндеті екенін айтты.
Қала прокуратурасының бастамасымен бүгінде «Құқықтық тәртіп және тазалық» жобасы аясында қалалық коммуналдық қызметтер – «Тазалық сақшылары» — құқық бұзушылықпен күресте белсенді көмек көрсетіп келеді. Олардың қырағылығының нәтижесінде қала көшелеріне есірткі заттарын сататын интернет-дүкендердің жарнамасын жазып жүрген азаматтар қолға түскен.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласы: Қызметтік иттердің көмегімен заңсыз айналымнан 4 тоннаға жуық есірткі анықталған

AdiletTV

Мектеп оқушыларына сабақта смартфон пайдалануға тыйым салынады: заңға қол қойылды

НАУРЫЗНАМА АЯСЫНДА ҰЛТТЫҚ КИІМДЕР КӨРСЕТІЛІМІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз