adilettv

ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ 75 КҮНДІК КҮРЕСІ: 700 ГРАММ САЛМАҚТАҒЫ СӘБИ АМАН ҚАЛДЫ

Шымкент қалалық перинаталдық орталығының дәрігерлері жүктіліктің 26 аптасында дүниеге келген, небәрі 705 грамм салмақтағы шақалақтың өмірін аман сақтады. Анасы ауыр преэклампсиядан зардап шеккендіктен, жүктілік мерзімінен бұрын аяқталды.

Өте аз салмақта туған сәбидің алғашқы 56 күні жан сақтау бөлімінде дәрігерлердің жіті бақылауында өтті. Ақ желеңділер 75 күн бойы баланың өмірі үшін күресіп, заманауи медициналық технологиялар мен дәрілік препараттарды қолданды. Қазіргі таңда сәби 2350 грамм салмақта үйіне шығарылды.

Аз салмақта туған балалардың өмірін сақтауда ана мен дәрігерлердің қаншама ұйқысыз түндері мен уайымы бар. Біз үшін әрбір баланың аман қалуы – үлкен жеңіс. Шала және өте аз салмақта туған балаларды емдеуде жоғары технологиялық жабдықтар мен заманауи дәрі-дәрмектер қолданылады. Барлық медициналық көмек МӘМС жүйесі арқылы көрсетіледі», – дейді қалалық перинаталдық орталықтың дәрігер-неонатологы Сапаргүл Қожабаева.

Дәрігердің айтуынша, жыл басынан бері орталықта 38 шақалақ өте төмен салмақта дүниеге келген. Мұндай сәбилердің өмірін сақтау тек кәсіби біліктілік пен заманауи медициналық құралдардың арқасында мүмкін.
#әмсқшымкент #мәмсшымкент

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

КОМПЛЕКСНАЯ РАБОТА ПО ОБЕСПЕЧЕНИЮ КАЧЕСТВЕННОЙ МЕДИЦИНСКОЙ ПОМОЩИ В ШЫМКЕНТЕ

AdiletTV

Құрметті жұмыскерлер мен жұмыс берушілер! «Еңбек жолы» конкурсына қатысуға шақырамыз!

AdiletTV

АКИМ, КОТОРЫЙ ЗА ДВА ГОДА СДЕЛАЛ ШЫМКЕНТ ПОЛНОСТЬЮ ОСВЕЩЁННЫМ: К КОНЦУ ГОДА ДОСТИГНЕТ 100%

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз