adilettv

АНТОНИУ КОШТА ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ ТАНЫТҚАНЫ ҮШІН ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВҚА РИЗАШЫЛЫҒЫН БІЛДІРДІ

Сонымен қатар Қазақстан мен Еуропа арасындағы ықпалдастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, Еуроодақтың елімізбен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін растады.
– Соңғы 10 жылда Еуропа Одағы Қазақстанның ең ірі сауда серіктесіне және шетелдік инвесторына айналды. Өз кезегінде Қазақстан Еуропаға мұнай мен уран жеткізуші елдердің үштігіне кіретін ел ретінде экономикалық қауіпсіздігімізді қамтамасыз етуде негізгі рөл атқарады. Бүгін біз қарым-қатынасымызды нығайтудың және экономикалық байланыстарды дамытудың жаңа кезеңіне қадам басамыз, – деді Еуропалық Кеңес Президенті.
Мәртебелі мейманның айтуынша, Еуропа Одағы мен Қазақстан БҰҰ Жарғысында бекітілген мультилатерализм мен халықаралық тәртіп құндылықтарына арқа сүйейтін бейбітшілік ұстанымын жақтайды.
Еуропалық Кеңес басшысы әлемдегі қауіпсіздікті, тұрақтылық пен өрлеуді қамтамасыз ететін күш-жігер дәл осы қағидатта көрініс тапқанын жеткізді.
Антониу Кошта Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық қазіргі көпжақты әлемдегі қарым-қатынасты ілгерілетудің маңызды факторына айналғанын атап өтті. Бұл ретте ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Кавказ аймағындағы бейбітшілікті нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады. Оның пікірінше, өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету Кавказ және Қара теңіз арқылы Еуропаға шығатын Транскаспий көлік дәлізін дамытуға тың мүмкіндік береді.
Қасым-Жомарт Тоқаев гуманитарлық ынтымақтастыққа айрықша назар аударып, Еуропа Одағының білім беру бағдарламаларына ризашылығын білдірді. Оның аясында 5 мыңнан астам қазақстандық студент пен оқытушы Еуроодақ елдерінде білімін жетілдіріп, тәжірибеден өтуге мүмкіндік алды.
Кездесуде екіжақты қарым-қатынастың ауқымды мәселелері қарастырылып, көлік-логистика, цифрландыру, энергетика, маңызды минералдар, ауыл шаруашылығы секілді перспективті бағыттарға баса мән берілді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласының туристік әлеуеті мен инфрақұрылымын дамыту бойынша 2025 жылдың I тоқсанындағы негізгі көрсеткіштер

AdiletTV

33 села на западе Казахстана объявили “сухой закон»

AdiletTV

ҚАРАБАСТАУ ШАҒЫН АУДАНЫ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН ГАЗ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз