adilettv

ШЫМКЕНТТЕ КӨП БАЛАЛЫ АНА ГРАНТ ҚАРЖЫСЫНА ТҮЗЕТУ-ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫН АШТЫ

Шымкентте көп балалы ана грант қаржысына түзету-дамыту орталығын ашты.
Шымкент қаласында биыл әлеуметтік осал топтар санатындағы 431 тұрғынға комиссия шешімімен 400 айлық есептік көрсеткішке дейінгі дейінгі қайтарымсыз грант берілді. Қолдау алған азаматтардың басым бөлігі қаржыны мақсатты жұмсап, бизнес-жобаларын жүзеге асырып жатыр. Солардың бірі – қала тұрғыны, көп балалы ана Ақмейір Қабылбек. Ол биылғы алғашқы лекте грантқа өтінім беріп, комиссия алдында бизнес-жобасын сәтті қорғап шыққан. Нәтижесінде 400 айлық есептік көрсеткішге дейінгі мөлшеріндегі мемлекеттік грантқа қол жеткізіп, ерекше балаларды түзету-дамыту орталығын ашты.
2025 жылғы айлық есептік көрсеткішке сәйкес, 400 айлық есептік көрсеткішке дейінгі 1 572 800 теңгені құрайды. Кәсіп иесі бұл қаржыға ерекше балаларға арналған велосипед-тренажер, электрлі жүру жолағын, батут, татами, орындықтар және логопедиялық құрал-жабдықтар сатып алған. Ал орталыққа арналған ғимаратты өз қаржысы есебінен жалға алып, ісін бастап отыр.
Бүгінде орталықта 5 жасқа дейінгі ерекше күтімді қажет ететін 20 балаға логопед, АВА-терапевт, сенсорлық интеграция және АФК мамандары қызмет көрсетіп жатыр. Бұл орталықта балалардың сөйлеу қабілетін дамытуға арналған арнайы курстар өтеді. Логопед мамандарымыз әр балаға жеке қарауды, оның қажеттіліктеріне сай бағдарлама құруды мақсат етеді. Балаларыңыздың өз ойын анық жеткізіп, сенімді сөйлейтін болуына біз көмектеседі.
Айта кетейік, гранттарды бекіту кезінде комиссия жобаның өміршеңдігіне, жаңа жұмыс орындарының құрылуына, нарықтағы сұранысына және үміткердің сала бойынша тәжірибесіне ерекше мән береді. Сонымен қатар қайтарымсыз грант үй мен жер телімін сатып алуға, несиені өтеуге, сондай-ақ, акциздік тауарларды өндіруге берілмейді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

 МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ-БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

AdiletTV

Шымкент қаласы: Пошта жөнелтілімдері тексерілуде

AdiletTV

ПОЛИЦЕЙЛЕР КӨЛІКТЕ КАННАБИС МАЙЫН САҚТАҒАН ЖҮРГІЗУШІНІ ҰСТАДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз