adilettv

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ МҰЗ АЙДЫНЫ АШЫЛДЫ

Енді, шымкенттіктер тау-тасқа ағылмаса да болады. Себебі шаһар тарихында алғаш рет Астана алаңында ашық аспан астындағы мұз айдыны ашылды. Қала тұрғындары үшін жаңа демалыс орны тек спорттық белсенділік емес, сондай-ақ көңіл көтеру және отбасылық уақытты тиімді өткізу алаңына айналып отыр.Алдағы демалыс күндері осы алаңда екінші мұз айдыны ашылып, белсенді демалысқа қызығатын қала тұрғындарының саны арта түспек. Қолайлы қысқы демалыс аймақтарын құру бастамасы қала әкімі тапсырмасымен жүзеге асырылуда. Негізгі мақсат – қала тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіз әрі жайлы қысқы демалысты қамтамасыз ету. Шымкент қаласы әкімдігі мұз айдыны тек қаланың орталығын жандандырып қана қоймай, қысқы спорт түрлеріне қызығушылықты арттыратынын айтады.
Мұз айдындары сапалы мұз, заманауи жарық жүйесі, демалыс аймақтары секілді барлық қауіпсіздік талабына сәйкес жабдықталған және конькилерді жалға беру орындары бар. Жеке инвесторлар қамтамасыз еткен мұздатқыш жабдықтардың есебінен мұз тұрақсыз ауа райында да жақсы сақталады. Ашық аспан астындағы сырғанау алаңында нұсқаушы мамандар да жұмыс істейді. Олардың қызметін алу ақылы. Десе де өз конькиі бар тұрғындар мұнда тегін сырғанай алады. Ал конькиді жалға алу құны 1500теңге болып бекітілген, дейді нұсқаушы маман. Мұз алаңына тұрғындар жұмыс күндері сағат 10:00-22:00 аралығында келіп, уақытын қызықты өткізе алады. Ал демалыс күндері түнгі 00:30- дейін жұмыс істейді екен. Бір сеанс уақыты 2 сағат. Мұнда күнделікті техникалық қызмет көрсетіліп, қауіпсіздік талаптары қатаң сақталады.
Алдағы күндері Арбат және «Мұз сарайының» жанында тағы екі мұз алаңы ашылмақ. А. Байтұрсынов көшесінің бойынша ашық мұз айдынының өлемі 550 шаршы метр. Ұзындығы 34, ені 17. Бұл жерде тәулігіне 20-30 мың адам сырғанай алатындай мүмкіндік бар. 400 кв мұздатқыш жабдығы болады. Айына 40-60 куб суды пайдаланылмақ. Екінші мұз айдынының жалпы ауданы 1 830 шаршы метрді құрайды. Ұзындығы 150 метр және ені 12,5 метр болады. 400 кВт тоңазытқыш қондырғылармен жабдықталады. 80-100 куб су жұмсалатын болады. Бұл мұз айдынына ай сайын келушілер саны 50-60 мың адам шамасында болады деген жоспар бар. Осылайша қалада көпшіліктің қысқы демалысына қолайлы аймақтар көбейе түседі. Қыс мезгілі баршаға қызықты болуы үшін қала тұрғындарын мұз айдындарының жабдықтарын ұқыпты қолдануға және қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз дейді мамандар.
Осылайша Шымкенттегі 3 бірдей мұз айдыны бір күнде жүз мыңнан аса адамның сырғанауына мүмкіндік береді. Жаңа айдынның ашылуы – Шымкенттің тұрғындары үшін үйлесімді демалыс, салауатты өмір салтын қалыптастыру және қоғамдық кеңістікті жаңғыртудың жарқын көрінісі. Қала тұрғындары енді қыс мезгілін көңілді өткізіп, еркін түрде спортпен шұғылдана алады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛҒАН ЕҢБЕК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

AdiletTV

БЕНЗИН МЕН КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҚЫМБАТТАУЫНА ҚАТЫСТЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз