7.3 C
Shymkent
17 февраля, 2026
adilettv

ТУЫСТЫҚ ДОНОРЛЫҚ: ІНІСІ АҒАСЫНА ӨМІР СЫЙЛАДЫ

Шымкентте 244-ші бүйрек трансплантациясы сәтті өтті. Шымкент қаласындағы №1 қалалық клиникалық ауруханада бүйрек трансплантациясына арналған 244-ші ота сәтті аяқталды. Бұл жолы донор — науқастың туған інісі болып, ағасының өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді.
Реципиент 2020 жылдан бастап «созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі» диагнозымен дәрігерлердің тұрақты бақылауында болған. 2023 жылдан бері гемодиализ емін қабылдап келген. Аталған терапия бүйрек қызметін уақытша алмастырып, науқастың күнделікті өмір сапасына елеулі әсер етеді. Гемодиализ аппараты демалыс күндері жұмыс істемегендіктен, науқас сенбі және жексенбі күндері келесі ем-домды күтумен күрделі жағдайда өткізген.
Осындай жауапты сәтте інісінің донор болуға шешім қабылдауы — бауырмалдықтың, адамгершілік пен жоғары жауапкершіліктің жарқын үлгісі.
Ота №1 қалалық клиникалық ауруханасының жоғары білікті трансплантолог-дәрігерлер тобының қатысуымен жүргізілді. Бүйрек трансплантациясы реципиенттің өмір сапасын айтарлықтай жақсартып, толыққанды өмірге қайта оралуына зор мүмкіндік береді.
Айта кетейік, №1 қалалық клиникалық ауруханасында ағза трансплантациясы медициналық көмектің жоғары технологиялық түрі ретінде жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Город Шымкент: Сотрудник отдела криминальной полиции полковник полиции Султан Асанулы Усипбеков.

AdiletTV

ЖАҢА ЕҢБЕК МИНИСТРІ — АСҚАРБЕК ЕРТАЕВ

AdiletTV

АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ: «КОНСТИТУЦИЯНЫҢ КВИНТЭССЕНЦИЯСЫ – ОНЫҢ МЫЗҒЫМАС РУХЫ»

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз